X
egov

You are here

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы кәсіподақтың келісімінсіз жұмыскерлердің жалақысын қысқарта алмайды

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамы ұжымдық келісім шарттарын өзгерте алмауының салдарынан кәсіподақтың келісімінсіз жұмыскерлер жалақысын 25%-ға төмендете алмайды.

ҚР Еңбек кодексінің (әрі қарай - Кодекс) 126-бабына сәйкес жұмыскерлерді еңбекке ынталандыру және төлемақы жүйесі ұжымдық немесе еңбек келісім-шартының, сондай-ақ жұмыс беруші актісінің негізінде белгіленеді. Жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы жасалған еңбек шартында еңбек төлемақысының көлемі мен өзге де шарттар көрсетілуі тиіс (Кодекстің 28-бабы). Ұжымдық және еңбек келісімінің шарттары біржақты өзгертілмейді (Кодекстің 10-бабының 3-тармағы).

 ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мамандары «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-дағы жағдайды бақылауды ары қарай жалғастыруда және компания жұмыскерлері еңбек құқықтарының бұзылмауы үшін барлық қажетті шараларды қолданатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Арселор Миттал Теміртау» АҚ басшылығы ағымдағы жылғы 1-тамыздан бастап компания жұмысшыларының жалақысын 25%-ға төмендететіні жөнінде хабарлама жасаған болатын. 

28 шілде, 2015 - 19:58 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші