Қазақстанда тиімді дәрі-дәрмектердің әрбір азаматқа қолжетімді болуын қамтамасыз ететін Ұлттық дәрілік формуляр жасалуда | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда тиімді дәрі-дәрмектердің әрбір азаматқа қолжетімді болуын қамтамасыз ететін Ұлттық дәрілік формуляр жасалуда

2015 жылдың соңына дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мамандары әлеуметтік жағдайы мен табысының мөлшеріне қарамастан әрбір азаматқа дәрілік көмекті қолжетімді етуді қамтамасыз ететін, дәрілердің шектеулі бағасы белгіленген Ұлттық дәрілік формулярды әзірлейді. Ұлттық дәрілік формулярға клиникалық тиімділігі дәлелденген дәрілер ғана енгізіледі.

Формулярды жасау кезінде фармакотерапияны жүргізу барысында алдыңғы қатарлы  тәжірибе мен дәлелдерге негізделген халықаралық тәсілдер қолданылмақ. Жоғарыда айтылған құжатты дайындау үшін әлемде үздік деп танылған Британ ұлттық дәрілік формулярын жасаушы Дункан Энрайт шақырылды. Одан басқа Ұлттық  формулярды әзірлеуге Еуропаның, Австралияның ең уздік сарапшылары, сондай-ақ отандық мамандар қатысуда.

Ұлттық дәрілік формуляр Қазақстанда бірінші рет әзірленіп жатқанын атап өту керек.

Оны әзірлеу кезінде клиникалық және экономикалық тиімді, қауіпсіз дәрілік препараттарды тұтыну деңгейін, әр ауруды емдеу курсының бағасын зерттеу бойынша мәліметтер қолданылады.

Ұлттық дәрілік формулярдың жасалуы бәсекелестік ортаны кеңейтуге ықпал етеді. Сондай-ақ, дәрілердің қажеттілігін есептеуге және  пациентке бағдарланған дәрі-дәрмекті  сатып алуға мүмкіндік береді.

Дункан Энрайттың пікірінше, Ұлттық дәрілік формуляр азаматтарға дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге және оларды тиімді сатып алу есебінен бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретін бірегей құжат болмақ.

 «Біздің халықаралық сарапшылар командасы басқа да жобалар, соңымен қатар осы тәрізді ең алғашқы ресурс – Британдық Ұлттық формуляр бойынша жұмыс жасаған болатын. Қазақстанның Ұлттық дәрілік формуляры білімнің жаңа ресурсын қамтамасыз етуді, формулярлық жүйені нығайтуды, сондай-ақ медициналық дәлелдерді пайдалануға жәрдемдесуді мақсат тұтатын тұңғыш жаңа формуляр», - дейді Дункан Энрайт.

Одан басқа, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарға шектеулі баға қалыптастыру жөнінде халықаралық тәжірибе негізінде жаңа ережелер әзірленген болатын.

 

29 шілде, 2015 - 18:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші