«Денсаулық жолы - 2015» акциясының шеңберінде жылжымалы медициналық кешеңдердің шалғайдағы ауылдарға баруы жалғасуда | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

«Денсаулық жолы - 2015» акциясының шеңберінде жылжымалы медициналық кешеңдердің шалғайдағы ауылдарға баруы жалғасуда

«Денсаулық жолы - 2015» республикалық акция шеңберінде 2015 жылғы 3 және 9 тамыз аралығында жылжымалы медициналық кешеңдер (әрі қарай ЖМК) Маңғыстау облысы Мұнайлы және Маңғыстау аудандарының шалғайдағы ауылдарына барады.  Шебір, Шайыр, 1, 2 және 3  Маңғыстау ауылдарының тұрғындары тегін скринингтік тексеруден өтіп,  әлеуметтік маңызды аурулар бойынша ақысыз медициналық көмек алатын болады. Жұмылдыру топтарының құрамында окулисттер, офтальмологтар, хирургтар, акушер-гинекологтар, терапевттер, пульмонологтар, педиатрлар және кардиологтар бар. 

Аталмыш күндері жылжымалы медициналық кешеңдер Қызылорда облысы Қармақшы ауданының 3-ші интернационал ауылына, Қазалы ауданының 6, сондай-ақ Жаңақорған ауданының 3 ауылына бармақшы. Медициналық жұмылдыру бригадаларының құрамында терапевтикалық, кардиологиялық, эндокринологиялық, фтизиатрлық, онкологиялық және салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметтерінің мамандары бар.

4 және 5 тамыз күндері Алматы қаласы медициналық ұйымдардың қызметкерлері ақпараттық-кеңестік көмек көрсетіп, «Д-Маркет» әмбебап базарында зертханалық-диагностикалық тексеру жүргізетін болады. 

5 тамыз күні жылжымалы медициналық кешең Атырау облысы Исатай ауданы Хамит Ерғалиев ауылына барады. Ауыл тұрғындарын бейінді мамандар қарайтын болады. Сонымен қатар, лабораториялық және аспапты зерттеулер де ұйымдастырылады (УДЗ, ЭКГ, рентген).

Естеріңізге сала кетейік, ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республиканың барлық өңірінде «Денсаулық жолы - 2015» кең көлемдегі акциясы өтіп жатыр.

17 тамыз, 2015 - 10:56 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші