X
egov

You are here

Қазақстанда баланы емізудің Ұлттық апталығы өтуде

Баланы емізу Халықаралық апталығының аясында 2015 жылдың 3-10 тамыз аралығында еліміздің барлық аймақтарында «Емшекпен емізу және жұмыс. Жұмыс істеуіне көмектесеміз!» атты апталық өтпек. Биыл бұл шара емізетін әрі жұмыс істейтін аналарға арналады.

Аталмыш шараның мақсаты – емізу ісін насихаттау, баланың денсаулығын сақтау мен нығайту және аурудың алдын-алу шараларын жүзеге асыру ісіндегі емшекпен емізудің маңыздылығы туралы халықты ақпараттандыру деңгейін арттыру болып табылады.

2015 жылы дүние жүзінде әйелдердің жұмыс істеумен қатар, емізу мүмкіндігіне ие болуы, жұмыс берушілердің отбасына, балалар, ата-ана мен аналарға бағдарлануына жәрдемдесу,  жұмыс істейтін әйелдердің емізуді жалғастыруларына көмектесу ісіне баса назар аударылып отыр.

Ұлттық апталықтың аясында емізудің мәселелеріне арналған бірқатар шаралар ұйымдастырылмақ. Бұл ең алдымен, емшек еметін жастағы балаларды емізудің ЮНИСЕФ пен ДДСҰ жасаған Жаһандық стратегиясын жүзеге асыру болып табылады. Аталмыш бағдарлама сәбилерді тамақтандыруды жақсарту, олардың өсуі мен дамуына, сондай-ақ денсаулығын нығайтуға бағытталған. Іс-шараның шеңберінде қолданылатын әдістер ерте жастағы және емшектегі балалардың өмірін сақтау көрсеткішін төмендетуге септігін тигізеді.

Акция аясында отбасын жоспарлау кабинеттері, емдеу-диагностикалау, психологиялық және тағы басқа қызметтер көрсетілетін жастар денсаулық орталықтары өз жұмысын жалғастыратын болады.

Емізетін және болашақ аналарға арналған «Үйреншікті болу. Ол не үшін керек?», «Сәби өмірінің алғашқы 3 жылында не маңызды?», «Ана мен сәби арасындағы сенімділікті қалай қалыптастыруға болады?» тақырыптарындағы психолог мамандармен кездесулер, «Емізу. Сәбидің денінің саулығына арналған тәжірибелік машықтар», «Емізетін аналардың жұмысқа шығуы» семинарлары; емізу, азықтандыру, емізуді тоқтату бойынша кеңестер, «Сүтті елге саяхат» атты аналар мен сәбилерге арналған фотосессия, көңіл көтеруге бағытталған шаралар бағдарламасын қамтитын «Сүтті теңіздерге саяхат» атты аналарға арналған мереке; емізу мәселелеріне арналған  жедел телефон желісі ұйымдастырылатын болады. 

Бала өмірге келген соң алғашқы алты ай бойы тек емізу керек. Содан кейін қосымша тамақ бере отырып, екі жасқа немесе одан үлкен жасқа дейін емізуді жалғастыру маңызды. Алайда, емізулі балалардың көбі дұрыс тамақтанбайды, мысалы, әлемде орта есеппен балалардың 38%-ы ғана алты айға дейін емеді.

Ана сүті сенсорлық және когнитивтік дамуға ықпал етеді, нәрестені инфекциялық және созылмалы аурулардан қорғайды. Емізу баланың диарея немесе пневмония секілді аурулардан болатын өлім-жітімін қысқартады және одан жылдам сауығуға ықпал етеді. Баланы емізу нәрестенің дені сау өсуіне және дамуына қажетті нәрлі қоректермен қамтамасыз етудің таптырмас тәсілі болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, емізудің дүниежүзілік Ұлттық апталығы (World Breastfeeding Week) жыл сайын ДДСҰ-ның бастамасымен 1 және 7 тамыз аралығында өтеді. Ана сүтімен тамақтандыру Халықаралық апталығы емізуді сақтау, ынталандыру және қолдау үшін 1990 жылы тамыз айында қабылданған ДДҰ мен ЮНИСЕФ-тің Инночетиялық декларациясына байланысты өткізіледі. Бүгінде Үлттық апталық дүние жүзінің 170-тен астам елдерінде өткізіліп келеді.  

3 тамыз, 2015 - 17:55 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші