Астанада әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бойынша Халықаралық конференция өтеді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Астанада әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бойынша Халықаралық конференция өтеді

2015 жылдың 2-4 қыркүйек күндері Тәуелсіздік сарайында (Астана қ.) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» |АҚ және Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының ұйымдастыруымен әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бойынша XIV Халықаралық конференция өтеді.

Шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы халықаралық сарапшылар қатысады.

Конференция барысында әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдарындағы АКТ-ның біріктірілген, бұқаралық жүйелері қарастырылып, әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы АКТ негізінде бірыңғай стандарттар мен шешімдерді қабылдау мәселелері талқыланады.

6 тамыз, 2015 - 10:04 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші