С. Жақыпова зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заң нормаларын түсіндірді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

С. Жақыпова зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заң нормаларын түсіндірді

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде вице-министр С. Жақыпованың қатысуымен Елбасы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын журналистерге түсіндіру бойынша брифинг өтті.

Светлана Жақыпова Заңда азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша негізгі үш өзгерістің қарастырылатынын хабарлады.

Заң жобасы мыналарды көздейді:

1. Базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібін өзгерту

2017 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты және зейнеткерлік жасқа (58-63/63) жеткен кезде ғана тағайындалатын болады.

Бұл ретте, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне ынтымақты жүйесінде (1998 жылғы 1 қаңтарына еңбек өтілі) істеп шыққан өтілін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналар аударылған кезеңін (зейнетақы жарналары аударылған нақты өтілі) қосады.

Егер де, азаматтың еңбек өтілі 10 жылдан аз немесе еңбек өтілі мүлде болмаса онда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің (КД) 50 %-ын құрайды.

Базалық зейнетақының мөлшері 10 жылдан артық әрбір жыл үшін 2 пайызға ұлғайтылады, өтілі 35 жыл және одан көп болған жағдайда КД 100 %-ын құрайды (өтілі 20 жыл болса базалық зейнетақының мөлшері – КД 70 %-ын, ал 30 жыл болса – КД 90 %-ын құрайды).

Бұл өзгерістер бір жағынан, еңбек өтілі көп болғанымен, табыстары туралы мәліметтердің болмауы себепті төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге қатысты әлеуметтік әділдік орнатуға, екінші жағынан, бүгінгі және болашақ қызметкерлер буынын еңбек қатынастарын заңдастыруды ынталандыру үшін мүмкіндік береді.

Аталған норманы іске асыру үшін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қазіргі зейнеткерлердің зейнетақы істеріндегі құжаттардың негізінде базалық зейнетақы механизмі өзгертіледі.

2. Жұмыс берушінің қосымша 5 %-дық міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) белгілеу есебінен зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышын енгізу.

Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен 5 %-дық міндетті зейнетақы жарналарын аударған қызметкерлер шартты-жинақтаушы құрамдауыштың қатысушылары болып табылады.

Бұл жарналар азаматтардың меншігі болып саналмайды және әрбір қызметкердің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған шартты зейнетақы шотында тіркелетін болады.

ЖМЗЖ есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық атына шартты зейнетақы шоты ашылып, кемінде 60 айға жарналар аударылған жағдайда зейнеткерлік жасқа (58-63/63) жеткен адамдарға, сондай-ақ мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген I және II топтардағы мүгедектерге беріледі.

Зейнетақының аталмыш құрамдас бөлігі өмір бойы төленеді және мұраға қалдырылмайды. Зейнетақылардың мөлшері жыл сайын БЖЗҚ экономикалық мүмкіндіктеріне және демографиялық көрсеткіштеріне қарай индекстелетін болады.

3. Жекелеген санаттағы азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру

Бүгінгі күні  әлеуметтік құрылымдардың қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандырудағы негізгі проблема бірдей жағдайда әртүрлі жылдары еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлікке шыққан кезде зейнетақы төлемдерінің мөлшері бірдей болмауы.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық әлеуетті құрылымдардың қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру толық мемлекеттік қамсыздандыруға ауыстырылатын болады.

Олардың зейнетақысының мөлшері қызметтен босатылған кездегі еңбек сіңірген жылдары және ақшалай қамтылымына қарай есептелетін болады.

Бұл ретте, 2016 жылдан бастап әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің ақшалай қамтылымынан 20 % міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша мемлекеттік бюджеттің міндеттемелері жойылатын болады.

Бұдан басқа, бюджеттің кірісіне олардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының 50 % сомалары аударылатын болады.

Сондай-ақ, қызмет өткеру жағдайлары бірдей болып, әр түрлі кезеңде запасқа шыққан  әлеуетті құрылымдар зейнеткерлерінің зейнетақы төлемдері мөлшеріндегі диспропорцияларды жою үшін 2016 жылы бұрын толық емес көлемде тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін еңбек сіңірген жылдарына және зейнетақы ісіндегі қызметтен босатылған күніндегі еңбек өтіліне қарай, олардың толық көлеміне жеткізу бойынша біржолғы қайта есептеу іске асырылады.

Бұл шаралар әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыруды халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді қамтамасыз етеді және әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін сақтауға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің параметрлерін жетілдіру, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту көзделіп отыр.

Жалпы ұсынылып отырған өзгерістер нәтижесінде азаматтардың зейнетақы төлемдері мынадай бөліктерден тұратын болады:

1) зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын базалық зейнетақы төлемі;

2) 1998 жылғы 1 қаңтарға кемінде алты ай еңбек өтілі бар адамдарға Орталықтан төленетін зейнетақы төлемі;

3) БЖЗҚ-дан:

- қызметкердің жеке 10 % міндетті зейнетақы жарналары;

- жұмыс берушінің қосымша 5 %-дық зейнетақы жарналары;

- 5 %-дық міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын) (2023 жылдан бастап) есебінен зейнетақы төлемдері;

4) ерікті зейнетақы жинақтары.

«10 пайыздық міндетті зейнетақы жарналары азаматтарға дәл сол қалпында төленетін болады. Оның мұраға қалдырылатыны айқын. Ал 5 пайыздық аударым мұраға қалдырылмайды. Оларды жұмыс беруші аударатындықтан, жұмыскердің меншігі болып есептелмейді. Аталмыш сома ЖМЗЖ активінде болады және зейнеткерлер арасында қайта үлестіріледі», - деп түсіндірді С. Жақыпова.

Тұтастай алғанда, ұсынылып отырған шаралар ауыстыру коэффициентін Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған (40 %-дан кем емес) деңгейді қамтамасыз етеді және одан әрі сақтай алады.

6 тамыз, 2015 - 11:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші