2014 жылы Қазақстанда кәмелет жасына толмағандар арасында өзіне өзі қол жұмсау 34,2%-ға төмендеді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

2014 жылы Қазақстанда кәмелет жасына толмағандар арасында өзіне өзі қол жұмсау 34,2%-ға төмендеді

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы балалардың өзіне өзі қол жұмсау және оларға қатысты зорлық-зомбылықтың  алдын алу туралы» тақырыбында өткен брифингте ҚР ДСӘДМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Айгүл Тастанова хабарлады.    

Оның айтуынша, 2013 жылы Қазақстанда 3506 өзіне өзі қол жұмсау оқиғасы тіркелсе, оның ішінде 292-сі кәмелет жасына толмағандар арасында болды. 2014 жылы бұл көрсеткіштер 3124 және сәйкесінше 192 санын құрады.

«Мемлекеттік органдар қабылдаған шараларының нәтижесінде өзіне өзі қол жұмсаудың азаюы 10,9%-ды құраса, кәмелет жасына толмағандар арасында 34,2%-ға кеміді», - деп атап өтті Айгүл Тастанова.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы директорының ғылыми және клиникалық жұмыстары жөніндегі орынбасары Николай Негай өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алу бағдарламаларын жүзеге асырудың екі негізгі кезеңіне тоқталды.

Біріншісі қоғамда өзіне өзі қол жұмсау және психикалық денсаулық туралы орын алған бұрыс пікірлердің тамыр жаюы. Өзіне өзі қол жұмсау мәселелері мен әрекеттері және психикалық денсаулық мәселелерінің айналасында көптеген қалыптасқан аңыздар мен теріс түсініктер бар.

Екіншісі халықты, қоғамды дұрыс ақпараттандыру қажеттілігі және бірінші кезекте жасөспірімдердің және олармен жұмыс істейтін кәсіби мамандардың кәмелет жасына толмағандардың психикалық денсаулығын нығайту және дамытудың маңыздылығы жайлы білімдерін арттыру.

Балалармен жұмыс істейтін мамандар кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің психикалық денсаулығы олардың физикалық денсаулығы сияқты маңызды екенін білгені абзал. Олар дағдарысты жеңуге тиімді көмектесу үшін балалар және жасөспірімдермен жұмыс істей білуі керек. Ең әуелі – бұл мектеп қызметкерлері. Әлемдегі өзіне өзі қол жұмсау мінез-құлқын алдын алу бағдарламаларының ең сәттісі – мектеп деңгейіндегі бағдарламалар. Өйткені балалар мектепте көп уақыттарын өткізеді, мұнда олардың тұлғалық қабілеттері дамиды, сонымен қатар, өздеріне таныс жерде өзекті мәселелерді талқылап, психикалық денсаулықты нығайту мақсатында және осал жасөспірімдер тобын ерте анықтауға арналған шараларды мектеп қабырғасында өткізген ыңғайлы.

Николай Негайдың мәлімдеуінше, 2016 жылы БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Қызылорда облысында өзіне өзі қол жұмсаудың алдын-алу бағдарламаларын енгізу жоспарланып отыр. Ол ақпараттық, үйрететін және қауіп-қатер топтарын анықтайтын құрамдас бөліктерден тұрмақ.

Белгілі халықаралық сарапшылардың қатысуымен ЮНИСЕФ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы аймақтық әкімдікпен бірлескен түрде енгізетін кешенді бағдарламасы  балалар мен жасөспірімдер арасындағы өзіне өзі қол жұмсаудан сақтауға көмектеседі.

 

7 тамыз, 2015 - 15:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші