X
egov

You are here

2015 жылы басынан қоғамдық жұмыстарға 55 мыңға жуық қазақстандықтар қатысты

ҚР ДСӘДМ Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының мәліметінше, 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында қоғамдық жұмыстарға 54,4 мың азамат қатысты, оның ішінде 32,7 мың адам (60%) ауылдық жердің тұрғындары. 2014 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда, қатысушылардың саны 1042-ге артық.

Қоғамдық жұмыстар келесі аймақтарда жұмыспен қамтудың кең таралған шараларының бірі болып есептеледі: Оңтүстік Қазақстан облысы – 5,2 мың адам, Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында сәйкесінше 4,7 мың, 4,5 мың және 4,4 мың адамды құрап отыр. 

 Ақысы төленетін біліктілігі төмен, қосымша және қосалқы қоғамдық жұмыстар келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

• аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру, орманды бақтар, демалыс орындары мен туризмді  дамыту және қамқорлыққа алу;

• ауылшаруашылық өнімдерін дайындау, қайта өңдеу және сақтау, ауылшаруашылық жұмыстары;

• тұрғын үй қорының құрылысы мен қайта құру жұмыстары, тарихи-сәулеттік ескерткіштер мен қорық аймақтарын қалпына келтіру;

•  автокөлік жолдарын жөндеу мен пайдалану;

• аулалардың аумақтарын көріктендіруді, кіреберістер тазалығын, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын т.б. пайдалану,

Қоғамдық жұмыстарға жіберілген адамдардың 33%-ы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы ұйымдарына қала, ауылдық елді-мекендер аумағын тазалауға көмектесті. 27%-ға жуық азаматтар аймақтарды экологиялық сауықтыру шараларына (абаттандыру мен көріктендіру) қатысты. Өзгелері құрылыс және ауылшаруашылық жұмыстарына, автокөлік жолдарын жөндеу мен пайдалану істеріне жұмылдырылды. 

Қоғамдық жұмыстарға 17,7 мың әйел адам қатысты. Бұл жалпы көрсеткіштің 30%-ға жуығын қамтыса, 4,6 мың адам (9%) табысы аз азаматтар, 28,4 мың (52%) 1 жылдан астам жұмыссыз отырғандар азаматтарды құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда орталық және жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, бюджет есебінен және жұмыс берушілердің өтініші бойынша берілетін қаражат негізінде қаржыландырылады.

Жұмыс іздеп жүрген азаматтарға қосымша әлеуметтік қолдау көрсетуді көздейтін әлеуметтік пайдалы бағыттағы еңбек әрекеті қоғамдық жұмыс болып табылады. Ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарға жұмыспен қамту органдарына тіркелген жұмыссыз жүрген азаматтар қатысуға құқылы. Азаматтар қоғамдық жұмыстарға жұмыспен қамту органдарындағы өзінің тіркелу номеріне сәйкес кезекпен қатыса алады.  

10 тамыз, 2015 - 15:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші