X
egov

You are here

Приозерск қаласы орталық ауруханасының медицина қызметкерлері Қырғыстан азаматының өмірін сақтап қалу үшін барлық қажетті шаралар қолдануда

Ағымдағы жылғы 7 тамызда Алматы – Екатеринбург бағытындағы жолда болған жол көлік апаты салдарынан жапа шеккен 1973 жылы туылған Қырғыстан азаматы Ақжол Батырқұловтың өмірін сақтап қалу үшін Приозерск қаласы орталық ауруханасының медицина қызметкерлері барлық қажетті шараларды қолдануда.

Бүгінгі күні науқастың жағдайы тұрақты ауыр болып бағалануда. 

Науқаста жабық бас ми жарақаты, бас мидың зақымдануы, екіжақты параорбитальды гематома, сүйектірінің жылжуымен сол жақ қабырғаның жабық сынығы, сол жақ гемопневмоторакс, бет терісінің көптеген сыдырылуы,  сол жақ жамбасының шығуы, 3 дәрежедегі травматикалық шок, 1 дәрежедегі кома.

Зардап шеккен азамат қажетті манипуляциялық және дәрілік ем қабылдауда.

7 тамызда Алматы-Екатеринбург трассасында ірі жол-көлік апаты орын алғанын, оның салдарынан оқиға орнында Қырғызстанның 2 азаматы қаза болғанын естеріңізге саламыз. Көрші мемлекеттің тағы 5 азаматы әртүрлі жарақатпен Приозерск қаласының Орталық ауруханасына жеткізілген болатын. Сол күні  зардап шеккен 2 азамат: 1988 жылы туылған Даниярбек Еркебаев және 1974 жылы туылған Гулбайра Атамарзаева өмірге сәйкес емес жарақаттардан қайтыс болды.

Бүгін зардап шеккен 2 азамат: 1991 жылы туылған Канатбек Адилбек және 1988 жылы туылған Гульзина Жусункызы Қырғызстанның санитарлық авиациясымен өз еліне жеткізілді.

 

11 тамыз, 2015 - 18:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші