X
egov

You are here

Қазақстанда 2015 жылдың 7 айында санитарлық авиация 1412 ұшырылым жасады

Медициналық қызметтер көрсету мақсатында Республикалық санитарлық авиация орталығы 2015 жылдың 7 айында 1412 ұшырылым жасады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ұшырылымдар саны 332-ге немесе 24% артты. 

Барлығы 1783 медициналық қызмет көрсетіліп, оның ішінде 1347 науқас тасымалданып, 335 кеңес берілді және 101 ота жасалды.  

Тасымалданған науқастардың 65% облыстық және қалалық медициналық ұйымдарға, 25% Астана мен Алматы қалаларында орналасқан республикалық емдеу орталықтарына жеткізілді. 6 науқас шетелдерден елге әкелінді.

Санитарлық авиацияның мобильдік бригадалары балалар жасындағы патология, жарақаттанушылық, қайғылы оқиғалар және уланулар, қан айналымы жүйесі аурулары, жаңа туған нәрестелердің патологиялары және өзге де аурулар бойынша медициналық көмек көрсетті. 

Сонымен қатар, осы кезеңде 14 мәрте донорлық органдар тасымалданды. 

Санитарлық авиация қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі және шапшаңдығы халық арасында зор беделге ие. 2015 жылғы 10 тамызда Қазақстанда одан әрі емін жалғастыру үшін ағымдағы жылғы 19 маусымда Пекиннен Алматыға жеткізілген Нұрбала Таккулованың туыстарынан ҚР ДСӘДМ-не алғыс хат түсті. 

 «Барлығы жоғары кәсіби деңгейде жүргізілді және қарым қатынастары       адамгершілікке, ізгілікке толы. Біз өз мемлекетімізді мақтан тұтамыз және шын жүректен Қазақстан Республикасының Үкіметіне алғыс білдіреміз. Біздің мемлекетіміз бұдан әрі де адамдарға көмектесуде және азаматтардың өмірін сақтауда көп жұмыс атқаратынына кәміл сенеміз», делінген хатта.

 

13 тамыз, 2015 - 13:13 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші