«Денсаулық жолы-2015» республикалық акцияның шеңберінде жылжымалы медициналық кешеңдердің шалғайдағы ауылдарға баруы жалғасуда | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

«Денсаулық жолы-2015» республикалық акцияның шеңберінде жылжымалы медициналық кешеңдердің шалғайдағы ауылдарға баруы жалғасуда

«Денсаулық жолы - 2015» республикалық акция шеңберінде 2015 жылғы 17 және 23 тамыз аралығында жылжымалы медициналық кешеңдер Маңғыстау облысы Мұнайлы және Маңғыстау аудандарының шалғайдағы ауылдарына барады. Қызан, Жынғылды, Басқұдык, 3-Маңғыстау ауылдарының тұрғындары тегін скринингтік тексерулерден өтіп, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша ақысыз медициналық көмек алатын болады. Жұмылдыру топтарының құрамында көз дәрігерлері, офтальмологтар, хирургтар, акушер-гинекологтар, терапевттер, пульмонологтар, педиатрлар және кардиологтар бар. 

Осы күндері жылжымалы медициналық кешеңдер Қарағанды облысы Шет ауданының Кайракты, Еркіндік, Жұмыскер ауылдарына барады. Медициналық көмекпен жасөспірімдер, жастар, барлық меншік түріндегі ұйымдардың жұмыс берушілері және жұмыскерлері сияқты мақсатты топтар қамтылады.

17 тамызда жылжымалы медициналық кешеңдер Ақмола облысының Қорғалжын ауданына, 19 және 20 тамыз аралығында Жақсы, Есіл, Жарқайын аудандарына барады. Кампания облыстың медицина ұйымдарының және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарының қатысуымен ұйымдастырылады.

19 тамызда жылжымалы медициналық кешеңдердің шығуы Қостанай облысының Қарасу ауданына жоспарлануда.  

Ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республиканың барлық өңірінде «Денсаулық жолы - 2015» кең көлемдегі акция өтіп жатқанын естеріңізге саламыз.

 

14 тамыз, 2015 - 17:46 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші