2015 жылы Қызылорда облысының 100 тұрғыны «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының арқасында өз меншікті істерін ашты | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

2015 жылы Қызылорда облысының 100 тұрғыны «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының арқасында өз меншікті істерін ашты

2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында Қызылорда облысында азаматтарды микронесиелеуге 421,3 млн. теңге бөлінді  Қазіргі таңда 180 адам 370 млн. теңге көлемінде несие алды. Оның ішінде 108 азамат алғашқы рет өз меншікті ісін ашты. Микронесие алушылар жасаған жаңа жұмыс орындарына жұмыспен қамту орталықтары арқылы 242 адам жұмысқа орналасты.

Сондай-ақ, «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының аясында 229 жұмыс орны қарастырылған 17 инфрақұрылымдық жобаларға 575 млн. теңге бөлінді. Бүгінде 16 жоба өз жұмысын бастап кетті. Мұнда жұмыспен қамтылған 200-ге жуық адамның 122-сі жұмыспен қамту орталығы арқылы орналасты.

«ЖҚЖК 2020» бағдарламасы бойынша кәсіптік оқумен 2147 адам қамтылды. Сондай- ақ, орташа айлық жалақысы 46 мың теңгені құрайтын әлеуметтік жұмыс орындарына 340 қазақстандық орналастырылып, 519 азамат жастар тәжірибесіне бағытталды.

Нәтижесінде Қызылорда облысындағы жұмыссыздық деңгейінің 2015 жылдың 2 тоқсанындағы көрсеткіші 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайыздық бекетке төмендеп, 5 пайызды құрады. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,1%-ды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 %-ға төмендеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 11 ақпанда өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының тиімділігін атап көрсетіп, оны жандандыруға тапсырма берді.

Аталған тапсырманы орындау мақсатында:

1.    Мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды және аз қамтылған тұрғындарды басымдылық негізінде жұмыспен қамту.

2.    Барлық өңірлерде аз қамтылған азаматтарды еңбекке ынталандыруды күшейту үшін пилоттық тәртіпте 1 тамыздан бастап келісім-шарттық негізде шартталған әлеуметтік төлемдер енгізілді. Оларды іске асыру нәтижесінде заң жобасы әзірленеді. 

Ағымдағы жылы бағдарламаны әрі қарай іске асыруға 37,3 млрд. теңге (2014 ж. – 94,3 млрд. теңге, 2013 ж. – 102,9 млрд. теңге, 2012 ж. – 57,6 млрд. теңге) қарастырылған.  

17 тамыз, 2015 - 19:14 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші