Қазақстанда 2015 жылдың 7 ай ішінде қызамықпен ауыру көрсеткіші 150 есеге азайды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда 2015 жылдың 7 ай ішінде қызамықпен ауыру көрсеткіші 150 есеге азайды

2015 жылдың 7 ай ішінде Қазақстанда қызамықпен ауырудың 1 жағдайы тіркелді. Аурудың 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші 0,01 болды, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 150 есеге төмен (2017 жылдың 7 айында 149 жағдай, көрсеткіш 0,87-ні құрады). Соңғы 20 жылда қызамықпен аурудың 1300 есеге азайғандығы анықталып отыр. 

Қызамық – адамды ғана зақымдайтын вирусты сырқат. Ол ұсақ дақты бөртпе түрінде, жоғарғы тыныс жолдарының шамалы қабынуымен және жеңіл уланумен сипатталады.

Жүкті әйелдердің қызамықпен ауыруы нәрестеге індет жұқтыру қаупі мен туабіткен қызамық синдромының артуына себеп болады. Жүктіліктің ауруды жұқтырған мерзіміне қарамастан, нәрестеде әртүрлі болжамды (I триместрде ықтималдылық 90%-ға жетеді, екіншісінде 75%-ке дейін, үшіншісінде 50%) көптеген даму кемістіктері қалыптасады. Көп жағдайда соқырлық, кереңдік, туабіткен жүрек ақауы кездеседі. Сонымен қатар, ақыл-ой кемтарлығы, ішкі ағзалар мен сүйектердің кемістігі болуы мүмкін. Туабіткен қызамықпен дүниеге келген балалар мүгедектікке шалдығады. Қызамықпен ауырған жүкті әйелдердің 15 пайызында түсік тастау немесе нәрестенің өлі тууы кездеседі. Сондықтан да егер әйел адам жүктіліктің алғашқы үш айында қызамық ауруына шалдықса, дәрігерлер жүктілікті тоқтатуға кеңес береді.

Туабіткен және жүре пайда болған қызамықтан сақтанудың бір ғана тәсілі екпе болып саналады. Қазақстанда қызамыққа қарсы иммундау 2000 жылдан басталып, профилактикалық екпенің Ұлттық күнтізбесіне сай жүргізіледі: 12 айлық балалардың егілуі, 6-7 жастаға балаларды ревакцинациялау.  Бала кезінде егілмеген адамдарға екпе 25 жасқа дейін жасалады. Екпе алу вакцинация алмаған, 25 жастан асқан және жүктілікті жоспарлаған әйелдерге ұсынылады. Вакцинациялаудан бас тарту ауруға шалдыққыш адамдардың шоғырлануына және аурудың таралуына себеп болады. 

Тегтер:
21 тамыз, 2015 - 18:13 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші