Қазақстанда жиі қолданылатын дәрілік заттар бағасының өсуі байқалмайды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда жиі қолданылатын дәрілік заттар бағасының өсуі байқалмайды

Қазақстанның барлық аймақтарында ҚР ДСӘДМ мен фармацевтикалық қауымдастық арасында өзара келісілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын ұстап тұру бойынша Меморандум шарттары сақталуда.

Ағымдағы жылдың 23 тамызында ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті аймақтық департаменттері мамандарының медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауларының бағасын ұстап тұру бойынша жүргізген мониторинг нәтижесінде елімізде аталмыш дәрілер бағасының қымбаттауы анықталған жоқ. Сондай-ақ, тұрғындардан өтініштер мен шағымдар түскен емес.

Кәсіпкерлер Меморандум аясында құны бекітілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын қайта бағалауға жол бермеу туралы хабарландырылды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 30 наурызында ҚР ДСӘДМ

мен фармацевтикалық қауымдастықтарының басшылары дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауларына бағасын ұстап тұру бойынша Меморандумға қол қойылған болатын. Меморандумға қол қою мақсаты халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдау болып табылады. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың отандық және халықаралық өндірушілері, дистрибьюторлар   және  бөлшек  сауданың  өкілдері  2015  жылғы 1 наурыздағы деңгейінде бағаларды бекітіп, жиі қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауына бағаны ұстап тұру туралы әлеуметтік жауапкершілікті өздеріне алды. Атап айтқанда, қабынуға қарсы, ауырсынуды және дене қызуын басатын препараттар, антибиотиктердің кейбір түрлері, сондай-ақ, шприцтер және дәкелер.

24 тамыз, 2015 - 13:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші