X
egov

You are here

«Денсаулық жолы-2015» акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер шалғайдағы ауылдарға баруын жалғастыруда

«Денсаулық жолы - 2015» республикалық акция шеңберінде 2015 жылғы 24 және 27 тамыз аралығында жылжымалы медициналық кешендер (ары қарай ЖМК) Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылына, Қазалы ауданының Водокачка, Жалаңтөс ауылдарына және Шиелі ауданының 4 ауылына, сонымен қатар Жаңақорған ауданының шалғайдағы ауылдарына барады.

Кампания құрамына терапевтер, кардиологтар, фтизиаторлар, онкологтар кіретін және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандары бар жұмылдыру топтарының қолдауымен ұйымдастырылатын болады.

25-27 тамыз аралығында ЖМК Ақтөбе облысының Айтеке би ауданына барады. Медициналық көмек жасөспірімдер, жастар, барлық меншік түріндегі ұйымдардың жұмыс берушілері және жұмыскерлері сияқты мақсатты топтарға көрсетіледі.

27 тамызда жылжымалы медициналық кешен Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылына барады.

Профилактикалық тексеру мен кеңестік-диагностикалық көмек көрсету мақсатында ШҚО Тарбағатай ауданының дәрігерлері жұмыс істейтін болады.

Ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республиканың барлық өңірінде «Денсаулық жолы - 2015» кең көлемдегі акция өтіп жатқанын естеріңізге саламыз.

24 тамыз, 2015 - 18:19 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші