2015 жылы бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 1,5 мың азамат жұмысқа орналастырылды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

2015 жылы бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 1,5 мың азамат жұмысқа орналастырылды

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтарды әлеуметтік оңалту» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

Ол мемлекеттің «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес құрамына бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және анықтау қызметінде есепте тұрған азаматтар кіретін тұрғындардың мақсатты топтарын жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ететіндігі туралы мәлімдеді. Олар әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу, кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру және ақысы төленетін әлеуметтік жұмыстарға орналасуға бағыттау барысында басым құқыққа ие. 

 «2015 жылы 891 түрмеден босап шыққан азамат жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша 750 адам, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бойынша 141 адам жұмысқа тұрды», - деп хабарлады Светлана Жақыпова.

Сонымен қатар, аталмыш санат өкілдерін жұмыспен қамту мақсатында жергілікті атқарушы органдар ұйымдарда жұмысқа орналастыруға көмектесу қажеттілігіне қарай жалпы жұмыс орындарын квоталаудың 0,3%-тен 5% шегінде жұмыс орындарын квоталауды бекітті. Квотаның ең жоғарғы мөлшері Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары аудандарында тіркелген. 2014 жылы квотаның аясында 714 адам, ағымдағы жылдың басынан бастап бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 601 азамат жұмысқа орналастырылды.

ҚР «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңына сәйкес бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтар төменде келтірілген сәттерде қиын өмірлік жағдайда деп қарастырылады:

- егер азамат жасы ұлғайған, мүгедек және жалғызбасты болса, онда оның босағаннан кейін қарттар немесе мүгедектерге арналған қоғамдық үй-интернатына жолдама алу мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда қарттар мен мүгедектерге арналған медико-әлеуметтік мекемелерде бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 173 адам бар. Ол мекемедегі барлық тұрғындардың 2,5% құрайды.

- егер азаматтың тіршілік етуге қаражаты және тұрғылықты мекені болмаса, онда ол босағаннан кейін тұрғылықты мекені анықталмаған адамдарға арналған әлеуметтік бейіндеу орталығына бағытталады. Қазақстанда мұндай 24 орталық бар, онда бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 426 адам бар.

Брифинг соңында Светлана Жақыпова ҚР ДСӘДМ «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру шараларының аясында анықтау қызметінде есепте тұратын адамдардың әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету ережесіне өзгертулер енгізуді ұсынды. Оның ішінде келесі көмек түрлерін қосу ұсынылады:

- құқықтық (құқықтық мәні бар құжаттарды рәсімдеу; әлеуметтік қамсыздандыру құқығы бойынша заңгерлік кеңес; заңнамалық тұрғыда бекітілген жеңілдіктер мен артықшылықтар, әлеуметтік төлемақыларды алуды қамсыздандыру)

- психологиялық (тұлғаны тексеру, психологиялық диагностикалау; үй жағдайында әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету (үздіксіз бақылау); психопрофилактикалық жұмыс; психологиялық кеңес беру; шұғыл психологиялық көмек);

- жұмыспен қамтамасыз ету (еңбек дағдыларын тексеру, қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету).

ҚР ІІМ ҚАЖКТ мәліметі бойынша биыл жергілікті атқару органдары атқарған жұмыстардың нәтижесінде 1280 сотталған адамдарға емдеу бойынша жәрдем, білім алу бойынша – 49, 1013 адамға психологиялық қолдау көрсетіліп келеді. 55 құжат алынып, қайта қалпына келтірілді, 1761 сотталған адамдарға өзге де көмектер көрсетілді.

Жыл сайын қылмыстық-атқарушы жүйе мекемесінен 9 мыңнан 11 мыңға дейін азамат босатылып шығарылады. 2015 жылдың 6 айының ішінде 7634 сотталушы босап шыққан (2014 жылдың сәйкес мерзімінде 5123 адам). 

 

25 тамыз, 2015 - 11:02 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші