Аймақтық жұмыспен қамту кешенді бағдарламаларының көмегімен 234 мыңға жуық қазақстандық жұмысқа орналасты | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Аймақтық жұмыспен қамту кешенді бағдарламаларының көмегімен 234 мыңға жуық қазақстандық жұмысқа орналасты

Аймақтық жұмыспен қамту кешенді бағдарламаларына жүргізілген мониторингтің 2015 жылдың 1 тамызындағы мәліметіне сәйкес белсенді жұмыспен қамту шаралары 250 мың адамды қамтыды. Бұл жоспарланған жылдық көрсеткіштің 78%-ын құрайды. Көмекке жүгінгендердің 234 мыңға жуығы жұмысқа орналастырылды.

Оның ішінде мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында жүзеге асырылатын жобаларға 25 мың 825 адам жұмысқа орналастырылды. 14 мың 162 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілсе, 11 мың 324 адам жастар практикасы аясында жұмысқа тұрды. 121 мың 584 қазақстандық мемлекеттік қолдау шараларының көмегінсіз жұмыс тапты.

Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамтудың тиімді түрлерінің бірі – қоғамдық жұмыстарға бағыттау болып табылады. Соңғы мәліметтерге сәйкес, аталмыш бағытқа 61 мыңға жуық азамат қатысқан.  

Ағымдағы жылы аймақтық жұмыспен қамту кешенді бағдарламалары мен «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының аясында 322 мыңнан аса жұмыссыз және өздігінен жұмыспен қамтылған азаматтарға жұмыспен қамту бойынша көмек көрсету жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен аймақтардағы жұмыссыздықтың ұлғаюына жол бермеу және еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.

Аймақтық кешенді жоспарлар азаматтарды «Нұрлы жол» бағдарламасы, сонымен қатар мемлекеттік және салалық, «ЖҚЖК 2020» бағдарламалары аясында жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық бағдарламаларға қатыстыруға арналған шараларды жүзеге асыруды қарастырады. 

26 тамыз, 2015 - 12:27 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші