X
egov

You are here

Астанада Қазақстан үшін бірегей жаңа медициналық ұйымның жобасы ұсынылды

Бүгін Астанада «Қазақстанның денсаулық сақтау саласына мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті енгізу» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және МЖС жобаларын үйлестіру орталығымен бірлесе ұйымдастырған, Қызылорда облысы әкімдігінің, «Бәйтерек» АҚ және С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті және Қазақстанның МЖС орталығының қолдауымен денсаулық сақтау саласындағы Алматы қаласы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті жанындағы 300 орынға арналған көп салалы және Қызылорда қаласындағы  аурухананың құрылысы мен эксплуатациясы бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің пилоттық жобалары алғаш рет ұсынылды.  

Шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі Александр Цой,   KPMG Қазақстандағы капитал нарығы және инвестициялар департаментінің басшысы Василий Савин, Қазақстанның МЖС орталығының басқарма басшысы Ғалымбек Мамраев, Қызылорда әкімінің орынбасары Наталья Годунова, «Казына Капитал Менеджмент» АҚ-ның басқарма басшысы Дәурен Онаев, сонымен қатар ірі халықаралық өндірістік компаниялардың басшылары және инвесторлар, медициналық сектордың, денсаулық сақтау объектілеріне қызмет ету және жабдықтау саласындағы компаниялардың, отандық және шетелдік қаржы ұйымдарының өкілдері қатысты.

Аталған жобалардың алғашқысы Қазақстан үшін бірегей болып саналады. Өйткені бүгінгі таңда республикамызда ешбір медициналық университеттің жанында студенттерге білім берумен қатар, халыққа жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін жеке клиникалық база жоқ. Жобаны жүзеге асыру шараларының аясында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен шетелдік университет клиникасының арасында серіктестік келісім жасау жоспарланып отыр. Бұл келісім жаңа технологиялар трансфері мен осы тектес медициналық ұйымдарды басқарудағы тәжірибені қарастыратын болады.

МЖС жобаларының Ұлыбритания, Германия, Түркия, Польша, Канада, Австралия, Япония және өзге де әлем елдерінде жүзеге асырылып жатқанын айта кету керек.

Бүгінгі таңда мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің ұзақ мерзімді формасы (30 жылға дейін) – концессия өзекті болып отыр. Ол жекеменшік серіктес инфрақұрылым обьектілерінің құрылысымен айналысумен қатар, оның сапалы қызмет етуін, пайдаланылуын, концессиялық келісім негізінде жаңартуын қамтамасыз етуге негізделген МЖС қатынастарын реттеуге мүмкіндік береді.

 «Алматы қаласындағы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті жанындағы 300 орынға арналған көп салалы  аурухананың құрылысы мен эксплуатациясы» концессиялық жобасының мақсаты – жеке инвестицияларды тарту, халыққа медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру, студенттерді оқытуға арналған заманауи клиникалық база жасау, дәрігерлерді қайта даярлау, сонымен қатар, ғылыми өзекті және клиникалық зерттеулер жүргізу үшін ҚР денсаулық сақтау саласына халықаралық компаниялардың жаңа технологиялары мен тәжірибесін енгізу болып саналады.  

 «Қызылорда қаласындағы бір ауысымда 500 рет баруға арналған  аурухананың құрылысы мен эксплуатациясы» концессиялық жобасының мақсаты – Қызылорда қаласының тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді алғашқы медико-санитарлық көмектің медициналық қызметтерімен қамтамасыз ету. Конциссионерді таңдау бойынша байқауды жариялау 2016 жылдың 2-3 тоқсанына жоспарланып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жеке инвестиция тартудың негізгі механизмдерінң бірі болып саналады. Оның сәтті жүзеге асырған жағдайда бұл құралдың мемлекет, бизнес, республиканың әрбір азаматына пайда әкелері сөзсіз.  

28 тамыз, 2015 - 10:42 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші