Қазақстанда онкологиялық қызметті дамытудың Жол картасы жасалады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда онкологиялық қызметті дамытудың Жол картасы жасалады

Гюстава Русси клиникасы онкологиялық кампусының Бас директоры Александр Эггермонт (Франция) пен Берлиндегі университет жанындағы «Шаритэ» медициналық комплексінің профессоры Гюнтер Хенце отандық мамандарға Қазақстандағы онкологиялық қызметті дамытудың Жол картасын жасауға көмектеседі. Аталмыш келісім ҚР ДСӘДМ-де өткен жұмыс барысындағы кездесулерде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен белгілі профессорлар арасында жасалды. 

Александр Эггермонтпен болған кездесуде ҚР ДСӘМ Ұлттық ғылыми-медициналық орталық базасында сүйек кемігін трансплантациялау бөлімін ашу, сонымен қатар, пациенттердің ауруын жеңілдету бағдарламалары, химиотерапияны дайындау мен өткізу, химиотерапияға арналған препараттарды  жасаудың орталықтандырылған жүйесін енгізу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ кездесу барысында тараптар таргеттік терапияны анықтау мақсатында молекулярлы-генетикалық, иммунды-гистохимиялық зерттеулерді жүргізуге арналған лабораторияны ашу мүмкіндіктерін, мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында онкоклиникаларды ашу, қазақстандық мамандарды MD/PHD және докторантура бағдарламалары бойынша оқыту мәселелері қарастырылды.

Гюнтер Хенцемен кездесу барысында ҚР-дағы балалардың онкологиялық қызметін жетілдіру ісі талқыланды. Оніың ішінде онкологиямен ауыратын балалар мен олардың ата-аналарына арналған пансионаттар құрылысы, оларға паллиативтік көмек көрсетуді жетілдіру, Киль қаласындағы (Германия) референс-лабораторияда иммундық-гистохимиялық зерттеулерді растау, ісіктерді визуализациялау мақсатында республикалық балалар медициналық ұйымдарын сапалы әрі заманауи диагностикалық аппараттармен қамсыздандыру ісі талқыланды.

Кездесулердің нәтижесінде профессор Александр Эггермонт Қазақстандағы ересектерге арналған онкологиялық қызметті дамыту бойынша, ал профессор Гюнтер Хенце Қазақстандағы балалар онкологиялық қызметін жетілдіру мәселелері бойынша кеңесші қызметін атқару туралы келісілді. ҚР ДСӘДМ бұйрығымен екі профессор министрдің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалады.

4 қыркүйек, 2015 - 18:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші