Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың денсаулық сақтау бойынша ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етеді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың денсаулық сақтау бойынша ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етеді

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың денсаулық сақтау бойынша ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етумен қатар, бірінші кезекте алғашқы медико-санитарлық көмекті, жеке медицинаны дамыту, медициналық ұйымдар арасындағы бәсекелестікті күшейтудің негізінде медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттырады. Сондай-ақ, әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорын құру бейресми төлемдер деңгейін төмендетуге ықпал етеді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заң жобасын Мемлекет басшысы айқындаған бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 80-қадамын іске асыру шеңберінде әзірледі. Заң жобасын дайындау барысында үздік халықаралық тәжірибе мен әлеуметтік әділеттілік қағидалары қолданылды.

Заң жобасына сәйкес азаматтарға медициналық қызметтің 3 түрі ұсынылады:

Біріншісі – республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің мемлекет кепілдендірген көлемін ұсынатын базалық пакет. Ол Қазақстанның барша азаматтары үшін қолжетімді болмақ. Пакеттің құрамына жедел-жәрдем қызметі, санитарлық авиация, әлеуметтік маңызды ауруларға, сондай-ақ шұғыл жағдайларда, профилактикалық екпе кезінде көрсетілетін медициналық көмек кіреді.

2020 жылға дейін өзін өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған тұрғындарға республикалық бюджеттің есебінен амбулаторлық-дәрілік қамтамасыз етілетін  амбулаторлық-емханалық көмек көрсету қарастырылған.

Екіншісі – қайтадан құрылатын медициналық сақтандыру Қоры ұсынатын сақтандыру пакеті. Оған абулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік маңызды ауруларды есептемегенде), стационарлық көмекті алмастыратын көмек (әлеуметтік маңызды ауруларды есептемегенде), қалпына келтіру емдік шаралары, медициналық реабилитация, паллиативтік көмек және мейірбикелік қарау мен жоғарғы технологиялық көмек кіреді.

Аталмыш пакетті алу құқығы жарнасы төленген ҚР азаматтарына, ҚР аумағында тұрақты өмір сүретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі.

Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

Сонымен қатар, аталған пакеттерге қосымша, ерікті сақтандыруға қатысқан азаматтар медициналық қызметтерді келісім негізінде ала алатын болады.

Үшіншісі – ерікті сақтандыруға қатысқан азаматтар ала алатын қосымша пакет. Аталған пакет аясындағы медициналық қызметтер келісім негізінде анықталады.

Міндетті ай сайынғы жарналар мен ҚР ДСӘДМ медициналық қызметтерді төлеу Комитетінің базасында медициналық қызметтерді сатып алуды топтастыру үшін коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық формасында әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры құрылатын болады. Қордың құрылтайы әрі жалғыз акционері ҚР Үкіметі болмақ.

Ерекше санаттағы азаматтар (халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы) үшін мемлекет төлейтін жарнаның мөлшерлемесі орташа айлық еңбекақының 7% құрайды. Сонымен қатар мөлшерлеменің көлемі 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%-ға, 2023 жылдан 6%-ға, 2024 жылдан  7%-ға сатылай өсетін болады.

Жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесінің жалпы көлемі кірістің 5%-ын құрайтын болады. Аударым 2017 жылы 2%-дан, 2018 жылы 3%-дан, 2019 жылы 4%-дан, 2020 жылы 5%-дан басталатын болады. Аталған аударымдар корпоративтік кіріс салығын есептеу кезіндегі шегеру есебінен болатынын ескерсек, жұмыс берушіге түсетін салмақтың көлемі төмендегідей болады: 2017 жылы  1,6%, 2018 жылы 2,4%, 2019 жылы 3,2%, 2020 жылдан 4%.

Қызметкерлер жарнасының мөлшерлемесі кірістің 2%-ын құрайтын болады, аударым 2019 жылы 1%, 2020 жылдан бастап 2% болады.   

Өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнасының мөлшерлемесі (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) олардың кірісінің 7% құрайтын болады. Ол 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5%, 2020 жылдан бастап 7% болады. Пайыздық мөлшерлеме шегерілетін сома 15 ең төменгі деңгейдегі еңбекақыдан төмен болмайтынын атап өту керек.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры жарнасынан азаматтардың 15 санаты босатылады (халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы) :

- балалар;

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар  I және II дәрежелі  «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналар;

- ҰОС ардагерлері мен мүгедектері;

- мүгедектер;

- жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;

- интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбиеленіп жатқан тұлғалар;

- техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімдерде, сонымен қатар резидентура формасындағы ЖОО кейін білім алып жатқан тұлғалар;

- бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар;

- жұмыс істемейтін екіқабат әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар;

- зейнеткерлер;

- әскери қызметкерлер;

- арнаулы мемлекеттік қызмет жұмыскерлері;

- құқық қорғау органдарының жұмыскерлері;

- ең төменгі деңгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде айыбын өтеушілер;

- уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларындағы азаматтар. 

7 қыркүйек, 2015 - 11:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші