X
egov

You are here

ҚР Мәжілісі Алматы қаласындағы ДДҰ–ның МСАК бойынша қашықтықтағы кеңсесін ашу туралы келісімнің ратификациясын мақұлдады

Бүгін ҚР Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық санитариялық көмек бойынша Алматы қаласында қашықтықтағы кеңсені ашу бойынша өзара келісімін ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын мақұлдады.

ДДҰ-ның алғашқы медициналық санитариялық көмек бойынша (ары қарай - МСАК) тұңғыш кеңсесі әлемнің 53 елі кіретін ДДҰ Еуропа аймағы үшін денсаулық сақтау саласының аталған бағытын дамыту бойынша зерттеулер жүргізіп, ұсынымдар жасаумен айналысатын болады.

Бұл Еуропа аймағында енгізіліп жатқан озық технологияларды меңгеруге, еліміздегі денсаулық сақтаудың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға және МСАК бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді Қазақстанда бейімдеуге мүмкіндік береді. Бірлесе атқарылатын жұмыс нәтижесінде денсаулық сақтаудың бастапқы буынының қолжетімділігі мен сапасына, әсіресе ауылдық жерлердің тұрғындары үшін; алдын алу бағдарламаларының тиімділігін арттыруға; жұқпалы емес аурулардың туындау қаупінің белгілі факторларымен күресті күшейтуге қол жеткізілуі тиіс. 

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың қыркүйек айында Түркия елінде өткен ДДҰ-ның Еуропа аймақтық 63-сессиясында Қазақстан елінде алғашқы медициналық санитариялық көмек бойынша қашықтықтағы кеңсесін ашу туралы шешім қабылданған болатын.

Өткен жылы Денсаулық сақтау Әлемдік ассамблеясының 67-сессиясынла ҚР Үкімет мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ДДҰ–ның МСАК бойынша Алматы қаласындағы қашықтықтағы кеңсесін ашу туралы келісіміне қол қойылды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында ДДҰ Еуропалық бюросының Аймақтық директоры Жужжанна Жакабтың жұмыс сапары барысында С.Д. Асфендяров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің базасында кеңсенің ашылу салтанаты өтті. Жоғарыда аталған келісім ратификацияланған соң кеңсе өз жұмысын бастамақ.  

17 қыркүйек, 2015 - 09:11 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші