Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 40 қазақстандық отбасы онлайн қолдау қызметінің кеңесін алды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 40 қазақстандық отбасы онлайн қолдау қызметінің кеңесін алды

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстан-Ресей медициналық университетімен бірлесе отырып (ары қарай - ҚРМУ) 2015 жылдың маусым айынан бастап мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға онлайн қолдау жобасы жүзеге асырып келеді. Аталған қызметтің жұмысы барысында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 40 қазақстандық отбасы психологтардың көмегін алды. 

Онлайн-қолдау қызметінің негізгі міндеті – мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға психологиялық қолдау көрсету, отбасындағы қолайлы әлеуметік-психологиялық климатты, сонымен қатар, физикалық мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың психологиялық саулығын қалыптастыруға жағдай жасау мақсатында мүгедек балалары бар отбасыларына кеңестік көмек беру болып табылады.

Қызметтің жұмысы білікті психологтардың қатысуымен «SKYPE» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Ол ата-аналарға үйден шықпай-ақ кәсіби психологиялық кеңес алуға мүмкіндік береді.

Мамандардың кеңесін алуға өтініш тәулік бойы 1411 телефон нөмірі бойынша қабылданады.

Онлайн қолдау қызметі жайында толық ақпаратты тұрғылықты мекенжай бойынша жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларынан немесе ҚРМУ электронды мекен жайына (i-krmu@mail.ru) хабарласу арқылы алуға болады.

 Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 17 ақпанында өткен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде министрлік басшысы Тамара Дүйсенова биылғы жылы ҚР ДСӘДМ мамандары денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салалары жүйесінде көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында бірқатар белсенді шараларды қолға алатынын мәлімдеген болатын.   

10 қыркүйек, 2015 - 17:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші