Биылғы жылдың басынан бастап 14,7 мыңнан астам қазақстандықтар әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Биылғы жылдың басынан бастап 14,7 мыңнан астам қазақстандықтар әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды

Ағымдағы жылдың сегіз айында жергілікті жұмыспен қамту органдары әлеуметтік жұмыс орындарына (ары қарай - ӘЖО) 14 мың 708 азаматты жұмысқа орналастырды. Олардың көпшілігі – мемлекет жұмыспен қамтудың белсенді  шараларын бағыттаған тұрғындардың мақсатты топтарының өкілдері.

Сонымен, ӘЖО орналасқан адамдардың жалпы көрсеткішінің 46,6%-ы әйел адамдар, 12% - аз қамтылған отбасының азаматтары, 12,1% - 21 жасқа дейінгі жастар, 7% – мүгедектер, 5% - жасы кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты және көпбалалы ата-аналар құрап отыр.

ӘЖО-ға жұмысқа орналастырылған азаматтардың жоғарғы көрсеткіші Павлодар облысында – 1 мың 619 адам, Ақтөбе облысында – 1 мың 527, Оңтүстік және  Шығыс Қазақстан облыстарында сәйкесінше 1 мың 436 және 1 мың 219 адам екені анықталды.

Республика бойынша әрбір жұмысшының жалақысы 35 мың теңгені құрап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, жергілікті бюджеттің қаржысынан ұйымдастырылатын азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру – жұмыспен қамту шараларының бірі болып табылады. Әлеуметтік жұмыс орны –  мақсатты топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушінің еңбекақы шығындарын ішінара төлемақы төлеуі арқылы жүзеге асырылатын, жұмыс берушінің жергілікті атқарушы органмен келісім-шарт негізінде жасалатын жұмыс орны. Сонымен қатар, 2011 жылдан бастап әлеуметтік жұмыс орындары  «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясындағы республикалық бюджет қаражатынан да жасалып келеді.

14 қыркүйек, 2015 - 17:46 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші