Атырау облысында 9,8 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтудың кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында жұмысқа орналасты | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Атырау облысында 9,8 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтудың кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында жұмысқа орналасты

Атырау облысында 2015 жылы аймақтық жұмыспен қамтутың кешенді жоспарын жүзеге асыру жұмыстары аясында 9,8 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, бұл жоспарланған жылдық көрсеткіштің 66%-ын құрап отыр.  

«Нұрлы жол», индустриалды-инновациялық даму, «Агробизнес-2020», «Саламатты Қазақстан», «БДК-2020» мемлекеттік және салалық бағдарламаларының аясында облыстың 931 тұрғыны жұмыспен қамтылды. 

2015 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәліметтерге сәйкес, 1000 адам кадрларды қайта даярлау және кәсіптік оқуға бағытталса, 368 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, 444 түлек жастар практикасын өтуге ниет білдіріп, 203 адам микронесие алды.

Халықты жұмыспен қамтудың тиімді шараларының бірі – қоғамдық жұмыстарға бағыттау. Соңғы деректерге сәйкес, аталмыш шараға облыстың 4,4 мың адамы қатысты. 2 мың 480 азамат мемлекеттің қолдау шараларынсыз жұмыс тапты.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының тапсырмасы бойынша жұмыссыздық өсімін  болдырмау және еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында аймақтарда жұмыспен қамтудың кешенді жоспарлары жүзеге асырылып келеді.

Аймақтық кешенді жоспарлар «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға, сонымен қатар «ЖҚЖК 2020», өзге де мемлекеттік және салалық бағдарламаларға азаматтардың қатысуын қамтамасыз ететін қажетті шараларды қарастырады. 

 

18 қыркүйек, 2015 - 18:04 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші