Астанада Орталық Азиядағы босқындар ағымы мен оларды қорғау мәселелері талқыланды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Астанада Орталық Азиядағы босқындар ағымы мен оларды қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін Астанада «Орталық Азиядағы еңбек көші-қонының мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері» тақырыбында босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Алматы процесі бойынша жоғарғы лауазымды тұлғалардың екінші кездесуі өтті.

Жиынның мақсаты – Орталық Азиядағы еңбек көші-қоны саласындағы жаңа беталыстарды сараптау мен өзара тәжірибе алмасу, қатысушы мемлекеттердің көші-қон заңнамасындағы олқылықтарын анықтау мен ортақ ұсынымдар жасау болып табылады. Кездесу барысында олардың әрі қарай бейімделу құралы ретінде Алматы процесіне қатысушы мемлекеттердің еңбек нарығына босқындардың қолжетімділігі мәселелері қарастырылды.    

Шараға ҚР Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов, БҰҰ-ның Орта Азия бойынша босқындардың істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасының аймақтық өкілі Бернард Дойл, Орта Азия бойынша Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның аймақтық үйлестірушісі Деян Кесерович (әрі қарай - КХҰ),  Қырғызстанның еңбек, көші-қон және жастар министрінің орынбасары Алмазбек Асанбаев, Түркменстанның мемлекеттік көші-қон қызметі басшысының орынбасары Мерден Гурдов, сондай-ақ, Алматы процесіне қатысушы мемлекеттердің өкілдері қатысты. 

ХКҰ мәліметінше, әлемдегі әрбір жетінші адам босқын болып саналады, оның ішінде 214 млн. халықаралық және 740 млн. ішкі босқындар. Бұл үрдіс әрі қарай өз жалғасын таппақ. Халықаралық босқындар саны қазіргі 214 млн. көрсеткіштен 2040 жылы 400 млн-ға дейін көбеюі болжанып отыр.  

Өз сөзінде ҚР Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов Алматы процесіне қатысушы мемлекеттер еңбек көші-қон проблемалары мен босқындарды жұмыспен қамту мәселелерін шешу керектігін алға тартты.

 «Қазақстанда реттелген еңбек көші-қонының негізгі ағымы Қытай, Түркия, Өзбекстан, Сербия және Үндістан елдерінің үлесінде. Ұзақ уақыт бойы рұқсатнамамен жұмыс істейтін еңбек босқындары Түркия елінен келетін. Олар елімізде жұмыс істейтін шетел азаматтарының үштен бір бөлігін қүрады. 2010 жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік коридоры құрылысына байланысты Қытай елімізде жұмыс істейтін шетел азаматтары, сонымен қатар қытай инвестициялары арқылы жүзеге асырылатын өзге де жобалар бойынша бірінші орынға шықты», - деді Біржан Нқрымбетов.

Сонымен қатар, вице-министр еңбек етуші босқындардың құқығын қорғау және оларды жергілікті еңбек нарығына біріктіру тек қана көші-қон мәселелерін реттеу арқылы жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

 «Көші-қон мәселелерін жалпы елді дамыту мазмұнында сонымен қатар, көші-қон процестеріне қатысушы елдердің мүдделері мен азаматтардың әмбебап құқықтарын сақтау негізінде көші-қон саясатын басқаруды үйлестіру тұрғысында қарастыру маңызды», - деп атап айтты Біржан Нұрымбетов.

Кездесу соңында қатысушылар Орталық Азияға реттелмейтін аралас көші-қон және еңбек миграциясының салдарынан туындайтын мәселелерді шешу бағытындағы көпжақты ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға келісті.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы процесі – 2011 жылы Қазақстанның бастамасымен құрылған тұрақты пікір алмасу алаңы болып табылады. Оның мақсаты – аймақтық форматтағы және жаһандық перспективадағы босқындар мен халықаралық көші-қонның өзекті мәселелерін бірлесе отырып шешу. Қазақстан Алматы процесінің бірінші басшысы болып сайланған болатын. Біздің елден басқа Алматы процесінің тұрақты қатысушылары - Әзербайжан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Түркменстан елдері. Иран мен Пәкістан бақылаушы мәртебесінде.

22 қыркүйек, 2015 - 13:45 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші