Медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған аллергиялық реакциядан балалардың қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған аллергиялық реакциядан балалардың қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған

2015 жылдың 23 қыркүйегінен бастап Facebook әлеуметтік желісінде медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған аллергиялық реакциядан балалардың қайтыс болғаны туралы таратылған ақпарат жалған болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі дәрілік құралдардың жанама әсеріне тұрақты тұрде мониторинг жүргізіп отырады. 2015 жылғы 25 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша аллергиялық реакция туындатып, балалардың өлім-жітіміне себеп болды деген дәрілік құралдар (амоксициллин, капесула, ибупрофен (суспензия), алклофенак, ангисепт, сумамед, ингалипт, инфлюцид, балаларға арналған панадол және санасол) туралы ешқандай шұғыл мәлімет келіп түскен жоқ.   

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айында қалта телефондарына арналған WhatsApp хабарлама алмасу жүйесі арқылы осы тәріздес шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылған болатын. Осыған орай ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Бас Прокуратурасына және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жалған ақпаратты таратудың жолын кесуге шара қолдану туралы хат жолдаған болатын. 

25 қыркүйек, 2015 - 11:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші