X
egov

You are here

Қазақстан халқының Тілдері күні аясында ҚР ДСӘДМ-де Тілдер фестивалі өтті

2015 жылғы  22-25 қыркүйекте  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында  Қазақстан халқының Тілдері күніне орайластырылған Тілдер фестивалі   өтті.  Фестиваль бағдарламасы 3 кезеңнен  тұрады. Бұл – ұлттық киімдер көрмесі,  ауыз әдебиеті халық шығармашылығы сайысы (өлеңдер, әндер), сондай-ақ  ең үздік ұлттық тағамдар конкурсы, Қазақстанда халықтарының әдет-ғұрыптарын білу. Фестиваль қорытындысы бойынша  ең үздік ұжымдар бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Бұдан басқа  осы жылы Тілдер күні аясында  «Қазақстан – көп ұлтты мемлекет»,  «Тілдің тірегі - ұлт», «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты мерекелер, Қазақстан халықтары тілдерінің ХVII республикалық фестивалі, «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» мемлекеттік қызметкерлер арасында тілді меңгеру бойынша байқау, «Ана тілім – асыл қазынам» тақырыбындағы лекция, «Сөз мерген»  викторинасы және тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылды.

Олардың басты мақсаты – Қазақстан халқының ұлттық тілдерін дамыту, тарихы мен салт-дәстүрлерін сақтау, Қазақстан халқы арасында достық пен бірлікті және ынтымақты нығайту.

Қазақстан көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет. Қазақстанның тіл саясаты елімізді мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстар тілінің дамуына да барынша жағдай жасауға бағытталады. Тіл халықтар достығын нығайтуға және  қоғамдағы өзара қарым қатынасты дамытуға ықпал етеді.

ҚР Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы  кәсіптік  мерекелер  мен  атаулы күндер  тізбесіне сәйкес «22 қыркүйек - Қазақстан халқының Тілдері күні» мерекесі болып жарияланғанын естеріңізге саламыз. 

25 қыркүйек, 2015 - 20:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші