X
egov

You are here

А. Цой Қарағандыдағы медициналық ұйымдардың халықты қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмыстарын жаңғыртуға дайындығын тексерді

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Алексей Цой Қарағандыға барған жұмыс сапарында Қазақстан Республикасындағы қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясын өткізуге арналған әлеуметтік мобилизациялау мен ақпараттық жұмыстар жоспарын жүзеге асыру шараларын, сонымен қатар, медициналық ұйымдардың вакциналауды өткізуге дайындығын тексерді.

Қазіргі таңда жоғарыда аталған жоспарды жүзеге асыру мақсатында республиканың барлық аймақтарында вакциналауға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жұртшылыққа қызылшаға қарсы вакциналау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қосымша иммундауға жататын мақсатты топтардың (15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер) және вакциналауға медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдардың құрамы анықталуда. Егу бригадалары жасақталып, медициналық қызметкерлерді дайындау бойынша тренингтер өткізілуде, сонымен қатар, медициналық ұйымдардың вакцинаны сақтау мен тасымалдау шарттарын қадағалау шаралары, ғимараттардың вакциналауды өткізуге дайындығы тексерілуде.

Облыс әкімдері орынбасарларының басшылығымен өтетін қызықлшаға қарсы қосымша иммундау шараларын үйлестіру мақсатында штабтар құрылды. 

Әрбір егілуші адам алдағы егу туралы хабардар болады. Ол немесе оның ата-анасы (заңды өкілі) дәрігерге шақыртылып, оған профилактикалық мақсаттағы егу туралы толық әрі шынайы ақпарат беріледі. Сонымен қатар, иммундаудан кейін туындайтын ықтимал жағымсыз жағдайлар мен  реакциялар, вакциналаудан бас тартудың салдары туралы ақпарат жеткізіледі.

Профилактикалық егу жұмыстары тек бекітілген форма бойынша ақпараттандырылған ерікті келісім негізінде ғана жүргізіледі.

Қызылшаға қарсы сертификатталған вакцинаның қолдану қауіпсіздігі Дүниежүзілік денсаулық ұйымымен бекітілген.

Естеріңізге сала кетейік, халықты қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмысы 2015 жылдың 1 қазанында жаңғыртылады.

28 қыркүйек, 2015 - 16:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші