Қазақстанда ЖРВИ, тұмау және пневмококты инфекцияға қарсы алдын алу айлығы басталды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда ЖРВИ, тұмау және пневмококты инфекцияға қарсы алдын алу айлығы басталды

2015 жылғы 28 қыркүйек пен 28 қазан аралығында Қазақстанда алғашқы медико-санитарлық көмек ұйымдарында өтетін айлық шеңберінде ашық есік күндері ұйымдастырылатын болады. Азаматтар жедел респираторлық вирустың, пневмококты инфекциялар және тұмаудың алдын алу шаралары бойынша тегін кеңес ала алады. 

Жұмыс орындарында ақпараттық-ағарту материалдарын тарататын медициналық қалашықтар ұйымдастырылатын болады. Денсаулық мектептері мен жастар орталықтарында жеке гигиенаны сақтау, ЖРВИ-дің, тұмау мен пневмококты инфекциялардың алдын алу бойынша сабақтар өтеді. Сондай-ақ, балалар үйлерінде, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде, оқу ордаларында сурет, театрландырылған қойылымдар, спорттық ойын түрлерінен байқаулар өткізіледі. 

Айлықты өткізудің басты мақсаты – халықты, оның ішінде ауруға шалдығу қаупі жоғары тұлғаларды, жұмыс берушілер мен қызметкерлерді қоғамдық және жеке қорғану шаралары туралы, аурудың асқынуын алдын алу үшін уақытылы медициналық көмекке жүгінудің қажеттілігі туралы құлақтандыру.

Тұмау – негізінен мұрын, тамақ, жоғарғы тыныс жолдарын, кейде өкпені зақымдайтын  вирустық инфекция. Әдетте ауру аптаға жуық созылады. Оған дене қызуының күрт көтерілуі, бұлшықет және бас ауруы, қатты әлсіздену, жөтел, тамақтың ауруы мен ринит сынды белгілер тән.  

Вакцинация көмегімен ауруды болдырмауға болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аяғы ауыр әйелдерге жүктіліктің кез келген кезеңінде, балаларға 6 айдан бастап 5 жасқа дейін, қарт адамдарға 65 жастан бастап және одан жоғары, созылмалы аурумен ауыратын және денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне жыл сайын вакциналауды ұсынады. 

28 қыркүйек, 2015 - 18:57 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші