Қазақстан Парламенті ЕЭО шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстан Парламенті ЕЭО шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында депутаттар «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау» және «Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалардың) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын қабылдады. 

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығы өз жұмысын бастайды.

Сонымен, ЕЭО елдері аумағында тек GMP стандарттарына (дәрілік заттардың сапасы, қауіпсіздігі мен тиімділігін растайтын «алтын стандарт») сай келетін медициналық дәрілік заттар таратылады.

Дәрілік заттар мен медициналық өнімдер ЕЭО аумағында Еуропалық одақ қағидалары мен тәсілдері негізінде жасалған бірыңғай ережелердің тіркеу қағидаларынан өткеннен кейін еркін айналымда болады. Сондай-ақ, дәрілік заттарды, медициналық қолданылуларды таңбалау, айналымды қадағалау мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында мемлекеттік тілді қолдану бойынша ұлттық талаптар сақталатын болады. 

Келісімді ратификациялау туралы ҚР Заңын қабылдау еліміздің ұлттық заңнама жүйесіне қайшы келмейді. Ол мүше-мемлекеттердің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар саласындағы заңнамаларын үйлестіру арқылы сапалы, қауіпсіз және тиімді дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, мүше-мемлекеттер халықтарының денсаулығын нығайтуға ықпал етеді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 29 мамырында ортақ қызметтер, тауарлар нарығы, капитал мен одаққа мүше мемлекеттердің жұмыс күшін жасақтау қарастырылған Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы келісімге қол қойылды. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге 2014 жылдың 23 желтоқсанында қол қойылды.  

1 қазан, 2015 - 11:25 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші