2015 жылы қарт азаматтарды әлеуметтік қолдауға 5,6 млрд-тан астам теңге қарастырылды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

2015 жылы қарт азаматтарды әлеуметтік қолдауға 5,6 млрд-тан астам теңге қарастырылды

Бұл туралы бүгін ҚР ДСӘДМ-де өткен «Қарттарға мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау көрсету шаралары туралы» атты брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

Сөз басында ол ағымдағы жылы жергілікті бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, қарт азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге 4,1 млрд. теңге шамасында қаражат бөлініп, сонымен қатар, 1,5 млрд-қа жуық қаражат бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бағытталғанын айтып өтті.

Нәтижесінде 2,5 млрд. теңге көлеміндегі біржолғы материалдық көмекті 268 мың адам алды, 2,1 млрд.теңге 202 мың қарт азаматтарды жалпы қоғамдық көлікте жол жүру жеңілдігімен қамтамасыз ету үшін бөлінді. 36,2 мың адам 115,2 млн. теңгеге жеңілдетілген дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілсе, 603 млн. теңге тұрғын үйді жөндеуге, отынмен қамтамасыз етуге және көмектің басқа да түрлеріне бағытталды.   

 «Қазақстандағы жалғыз басты қарттар мен еңбекке қабілетсіз азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік көмек бөлімшелерінің желісі құрылды. Қазіргі таңда елімізде 343 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істеуде. Онда 35 мыңнан астам жалғызбасты еңбекке қабілетсіз қарт азаматтарға қызмет көрсетіліп келеді. Олардың 26 мыңнан астамы - әйелдер», - деп хабарлады Светлана Жақыпова.

Өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндігі толық немесе жартылай шектелген адамдар жартылай стационар жағдайында медициналық және оңалту қызметтерін алады, не болмаса медициналық-әлеуметтік мекемелерде толық мемлекеттік қамсыздандыруда болады (әрі қарай – МӘМ).

Республикада бүгінде 4,7 мың азаматқа (оның ішінде 2,7 мыңнан астамы әйелдер) қызмет көрсететін 10 оңалту  (күндізгі бөлім) орталықтары жұмыс істейді. Сондай-ақ, 7 мыңнан астам адам тұратын қарттар мен мүгедектерге арналған 49 МӘМ қызмет көрсетеді. 

 «Қарттарға медициналық көмек кепілді тегін мемлекеттік медициналық көмек аясында республикалық, сондай-ақ, аймақтық деңгейде де тегін көрсетілуде», - деп атап айтты Вице-министр.  

Ересек тұрғындар мақсатты тобының арасында әлеуметтік маңызды ауруларды анықтауға арналған Ұлттық скринингтік бағдарламаны жүзеге асыру аясында жыл сайын 2 млн-ға жуық қарт азаматтар скринингтен өтеді. Осылайша, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 1 млн-нан астам адам тексеруден өтті.

Бірыңғай ұлттық денсаулық жүйесі аясында еркін таңдау қағидасы бойынша қарт азаматтар республиканың кез келген медициналық ұйымында жоғары мамандандырылған медициналық көмек ала алады. 

Қарт адамдарды, оның ішінде жалғызбасты және тасымалдауға жатпайтын адамдарды күндізгі стационар және үй стационары жағдайында оңалтуға жағдай жасалуда.

2011 жылдан бастап барлық емханаларда әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар қызмет етуде. Олар ерекше ықыласты қажет ететін созылмалы аурулармен ауыратын адамдарға көмек  көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын 1 қазанда Қазақстанда Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Мерекенің басты мақсаты – қоғам назарын қарт жастағы азаматтардың проблемаларына аудару. Қазіргі таңда республикада 1 млн. 950 мыңнан астам қарт азаматтар бар.   

1 қазан, 2015 - 15:24 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші