ҚР ДСӘДМ жұмыссыздық көрсеткішін 5%-дық деңгейде ұстап тұру үшін барлық қажетті шараларды қолдануда | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ жұмыссыздық көрсеткішін 5%-дық деңгейде ұстап тұру үшін барлық қажетті шараларды қолдануда

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қызметкерлердің жаппай қысқартылуы мен жұмыс орындарын сақтап қалуды ескерту бойынша бірінші кезектегі жедел шараларды қолдануда.

Ағымдағы жылдың басынан бастап облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілер және кәсіподақтар арасында жұмыс орындарын сақтап қалу туралы меморандумдарды жасау бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Бүгінгі таңда 2 млн-нан астам қызметкерлерді қамтыған 72 мыңға жуық меморандум жасалды.

Сонымен қатар, жаппай қысқарту қаупінің сақталуы мен білікті қызметкерлердің жұмыс орнын сақтап қалуға, қысқарту болған жағдайда, оларды жұмысқа орналастыруға негізделген қажетті шараларды ескере отырып, жаңа құралдарды енгізу арқылы «Жұмыспен қамту картасы 2020» бағдарламасын жандандыру бойынша жұмыс жүргізіліп келеді. Оның мәні төмендегідей:

Білікті мамандардың жұмыс орындарын сақтап қалу үшін өндірістік кәсіпорындардағы білікті мамандардың жұмыс уақыты қысқартылған жағдайда табыстың 2/3 жоғалтылған бөлігін мемлекет уақытша субсидиялайтын механизмді енгізу қарастырылуда.

Сондай-ақ, өз қызметкерлеріне өндірістен қол үзбей, болмаса жұмыс барысында жұмыс орындарын сақтап қалумен шартталған қайта даярлау мен біліктілігін арттыру шараларын ұйымдастыруға дайын жұмыс берушілер үшін мемлекет тарапынан («ЖҚЖК 2020» аясында) гранттарды бөлу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Бұл жағдайда гранттар жұмыс берушілердің қызметкерлерді оқытуға бағытталған 80% шығынын жабуы тиіс.

Сондай-ақ, өндірістік кәсіпорындарда жұмыс істейтін 18 бен 24 жас аралығындағы жастарды жұмыс берушінің олардың жұмыс орындарын сақтап қалу шартымен Жұмыспен қамту жол картасының есебінен кәсіби оқуды ұйымдастыру арқылы қолдау шаралары қарастырылуда.

Қысқартылатын білікті қызметкерлерді қолдау мақсатында, сонымен қатар, өзін өзі жұмыспен қамтыған, мамандығы жоқ жұмыссыздар үшін мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында жүзеге асырылатын жобалардың мүмкіндігі барынша қолданылатын болады.

Сонымен, биылғы жылы аймақтық жұмыспен қамтудың кешенді шараларын жүзеге асыру аясында 322 мың адамды қамту жоспарланған. Бұл жоспарлар бойынша азаматтарды жұмысқа орналастыру Жұмыспен қамту жол картасы, «Нұрлы жол» бағдарламасы, Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы және өзге де мемлекеттік, салалық бағдарламалар аясындағы жобалар арқылы жүзеге асырылуда.

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегіндегі мәліметке сәйкес, жоғарыда аталған жоспарлар аясында 291 мың азаматтың жұмыстары қарастырылып, олардың 153 мың адамы (болмаса 53%) тұрақты жұмыспен қамтылды. Уақытша жұмысқа 138 мың адам, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына (15,6 мың), жастар практикасына (14,2 мың) және қоғамдық жұмыстарға (73 мың) адам орналастырылды.

Сонымен қатар, биылғы жылы жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды қолдау мақсатында 9,5 млрд-тан астам теңгеге 4067 микронесие берілді, 10 мыңға жуық адам жұмыспен қамту бағдарламаларының аясында кәсіптік оқумен қамтылды. 

Жоғарыда аталған халықты жұмыспен қамту шаралары жұмыссыздық деңгейін 5%-дық деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Бұдан бұрын айтылғандай, Қазақстанда жуырдағы 5 жыл ішінде еңбек сұранысының артуы болжанып отыр. ҚР ДСӘДМ «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның президенті Дәулет Арғындықовтың мәлімдеуінше, 2016 жылы ҚР-дағы еңбек сұранысы 124 мың адамды құрайды.

Қазіргі таңдағы беталысты ескерсек, 2020 жылға дейін еңбекке деген сұраныстың орташа жылдық өсімі 1,5% көрсеткішті құрап, 2020 жылы бұл қажеттілік 163 мың адамға дейін өседі.

Оның хабарлауынша, Қазақстанда мұғалімдерге, денсаулық сақтау мамандарына, орта медициналық қызметкерлерге, сонымен қатар, қоғамдық тамақтандыру ұйымдары қызметкерлеріне, орта әкімшілік-басқару қызметшілерге деген сұраныс артады.

Аталған деректер «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе өткізілген қысқа мерзімге арналған кадрлар қажеттілігін анықтау сауалнамасының негізінде жасалды. Барлық аймақтардың мыңдаған жұмыс берушілері мен бірқатар қызмет саласының арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде алынған мәліметтер макроболжамдармен сәйкес келеді.

 

1 қазан, 2015 - 19:19 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші