X
egov

You are here

Республикалық санитариялық авиация орталығының командасы жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық жарыста жүлделі орынға ие болды

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Республикалық санитариялық авиация орталығының командасы Дубингяй қаласы және Гиряйчяй  елді мекенінде өткен (Литва Республикасы) жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық жарыста  үшінші орынға ие болды. 

Литва жедел медициналық көмек ұйымдарының Ассоциациясы, «Kriziu tyrimo centras» (Дағдарыстарды зерттеу орталығы) ЖАҚ және Литва шұғыл медицина қоғамы ұйымдастырған шараға Қазақстаннан Республикалық Санавиация орталығы медициналық қызмет жөніндегі директордың орынбасары Ғұмырбек Ағыбаев, сонымен қатар Борис Сартаев, Елена Рябинина сынды дәрігерлер, фельдшер Светлана Ушакова қатысты.

Жарысқа қатысушылар жедел медициналық көмек көрсету кезінде Америка жүрек ассоциациясының (АНА American Heart association) және Еуропа реанимациялық кеңесінің (ЕRС European Resuscitation Council) жаңа ұсынымдарын басшылыққа алды. Ситуациялық тапсырмаларды орындау барысында манекендер қолданылды. Байқауға қатысушылар 10 минуттың ішінде пациентті алғашқы және толық (екінші реттік) тексеруден өткізу, анамнез жинау, басым ауру белгілерін анықтау, қажетті емдік шараларды белгілеу мен тасымалдау тапсырмаларын орындады.

Қазақстандық мамандар өздерінің біліктілігі пен машықтарын көрсетіп, сонымен қатар, Еуропа елдерінде қолданылатын стандарттарға сай жедел медициналық көмек көрсету бойынша тәжірибе жинап қайтты.

Жедел медициналық көмек ұйымдарының Ассоциациясы мен Литва шұғыл медицина қоғамы қазақстандық командаға шараны ұйымдастырудағы ынталылығы пен ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді.

Литваға Республикалық санавиация орталығы дәрігерлерінен басқа Алматы қалалық шұғыл медициналық көмек стансасының тобы, сонымен қатар, Астана қаласының оқу-клиникалық орталығының қызметкерлері бақылаушылар ретінде қатысты.  

Жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық байқау Литвада жыл сайын 9 жыл ішінде өткізіліп келеді. Ағымдағы жылы жарысқа Еуропа мен ТМД елдерінен 31 команда қатысты. 

2 қазан, 2015 - 17:42 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші