Биылғы жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға Атырау облысында 1,2 млрд.теңге бөлінді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Биылғы жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға Атырау облысында 1,2 млрд.теңге бөлінді

2015 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») бағдарламасының аясындағы шараларды жүзеге асыру үшін Атырау облысында 1 млрд. 227 млн теңге қарастырылды.

 «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша (инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту негізіндегі жұмыспен қамту) 437,9 млн. теңгеге әлеуметтік инфрақұрылым саласында 20 нысан салынып, 199 адам жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша (тірек ауылдары мен кәсіпкерлікті дамыту негізінде жұмыс орындарын ашу) 203 атыраулық азамат жалпы сомасы 500,7 млн. теңгені құрайтын микронесие, оның ішінде 96 адам 237,4 млн. теңге көлемінде қайтарылған қаржы есебінен қайта микронесие алды.

Бағдарламаның үшінші бағытын жүзеге асыру мақсатында (жұмыс берушінің сұранысы шеңберінде оқыту мен қоныс аудару есебінен жұмыспен қамту) 289 млн-ға жуық теңге қарастырылды.

Сонымен, ағымдағы жылы 572 адам жастар практикасының аясында әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұрса, 455 облыс тұрғыны кәсіби білім алып, 28 азамат қайта даярлау курстарына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, республикада ағымдағы жылы бағдарламаны іске асыруға 37,3 млрд. теңге (2014 ж. – 94,3 млрд. теңге, 2013 ж. – 102,9 млрд. теңге, 2012 ж. – 57,6 млрд. теңге) қарастырылған.   

5 қазан, 2015 - 19:38 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші