X
egov

You are here

Д. Арғындықов: Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау қажет

Бұл туралы 2 қазан күні Қызылордада «Орта тапты қалыптастыру: қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктері» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР ДСӘДМ «Жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Президенті Дәулет Арғындықов айтты.

Қызылорда әкімдігінің ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырған шарасына Еуразиялық экономикалық комиссиясының, Халықаралық кәсіпкерлер мен өндіріс иелері конгресінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Ресей сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері, жалпыресейлік «Опора России»  шағын және орта кәсіпкерлік қоғамдық ұйымының ресми делегациясы, бірқатар қазақстандық жоғарғы оқу орындарының басшылары, сонымен қатар,  БҰҰ-ның даму бағдарламасы мен ЭЫДҰ халықаралық ұйым өкілдері  қатысты.

Жиынды ашқан Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдаудың кепілдендірілген,  субсидияландыру және жеңілдікпен несиелендіру сияқты мемлекеттік қолдау ісі жүйелі түрде жүргізіліп жатқанына тоқталды. Дегенмен, бұл қолдау шаралары қалыптасқан орта және шағын бизнеске арналған.

Жеке кәсіпорындар ұсынатын макробизнес әдетте назардан тыс қалып, оған мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында ешқашан қолдау көрсетілмей келеді. Мәселен, ЖК ЖШС сияқты кепілзаттық қамсыздандыруды былай қойғанда, тіпті банкке кепілдік бере алмайды. Сондықтан да азаматтардың көпшілігі өз бизнесін бастай алмай келеді. Сонымен қатар, халықтың экономикалық белсенді бөлігінің басым көпшілігі өз бетімен жұмыспен қамтылғандар санатын құрайды. Сондықтан оларды кәсіпкерлік қауымдастығын толықтыру көзі ретінде қарастырған жөн. Сарапшылардың ортақ пікіріне сай, орта және шағын бизнес орта таптың үлес-салмағын арттыруда шешуші рөл атқаруы қажет.

ҚР ДСӘДМ «Жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Президенті Дәулет Арғындықов қазақстандықтардың кәсіпкерлік бастамаларын ынталандырудың жолдарын талдады. Оның айтуынша, өз бетімен жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың негізгі бөлігі сауда саласында немесе шаруа қожалықтарында шоғырланған. Ол аталған санаттағы азаматтарды қолдау мен ынталандыру қажеттілігін атап өтті.  

 «Бүгінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау қажет (ресурстарға, су, жайылым, қаржы көздеріне қолжетімділік, өнім өтімділігін қамтамасыз ету және т.б.) және өз бетімен жұмыспен қамтылған азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру мен сақтандыру жүйесіне тарту керек. Менің ойымша, жеке қосалқы шаруашылық туралы заң қабылдау қажеттілігі туындап келеді, сонымен қатар, аталған салада мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытында жұмыс істеу қажет», - деді ол.

Жалпы алғанда, шараға қатысушылар орта таптың экономикалық дамудың бірден бір маңызды драйвері болып табылатынын айтып өтті. Сонымен қатар, әрі қарай бұл саланы Қызылорда облысында дамыту бойынша ынтымақтастыққа дайын екендіктерін мәлімдеді.

Отырысты аяқтай келе, облыс басшысы Қырымбек Көшербаев барлық қатысушылардың ұсыныстары назарға алынатынын баса айтты. 

6 қазан, 2015 - 15:12 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші