ҚР Парламенті «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңды қабылдады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР Парламенті «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңды қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында палата депутаттары екі оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңын қабылдады.

Бұл Заң Мемлекет басшысы ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 5 мамырындағы кеңейтілген отырысында айқындаған бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Аталған Заңның аясында төмендегі мәселелер қарастырылады:

1. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50%-нан төмен отбасына жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде қазіргі таңдағы қолданыстағы жұмыспен қамту шараларын алмастыратын белсенді шараларға қатысуымен шартталған атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АӘК) әрбір отбасы мүшесіне көрсетудің жаңа тәртіптерін енгізу: 

- көпбалалы отбасыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақы (әрі қарай - АМЖ);

- аз қамтылған отбасыларына арналған 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдеамақысы;

- аз қамтылған үй шаруашылығына берілетін атаулы әлеуметтік көмек.

АӘК жаңа үлгіде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларына (мәселен, қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына объективті себептермен қатыса алмайтын отбасыларына (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасыларынан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі.  

Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара жауапкершілікті мойындарына алады: әлеуметтік қызметтер жұмыспен қамту шараларын қарастырып, жәрдемақы төлесе, отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына адал ниетпен қатысады.

Тұлғаларға тектен тек ақшалай көмек ұсынылмайды, оған жұмысқа орналасуға көмек беріледі, қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін арттыру үшін әртүрлі курстарға жіберіледі. Осылайша, отбасының кедейлік жағдайынан шығу мүмкіндігі ынталандырылады.

1. 2018 жылдың 1 қаңтарынан енгізілетін АМЖ өзгерістері келесі мәселелерді қарастырады:

- ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, қарт адамдар, тыл еңбеккерлері (барлығы 14 азаматтар санаты) тәріздес санаттағы азаматтарға арнайы мемлекеттік жәрдемақыны сақтау;

- Мүгедектерге арналған арнайы мемлекеттік жәрдемақыны мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақымен біріктіру. Бұл жәрдемақыны тағайындау шараларын жеңілдетпек. Аталған шараларды қолдану мүгедектердің құқығын шектемейді, өйткені, төлемақы көлемі азаймайды (мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақы қазіргі АМЖ-ның сомасына ұлғаяды);

- «Алтын алқа», «Күміс алқа», бұрындары «Батыр ана» атағын алғандар, I және II дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көпбалалы аналар үшін АМЖ-ны «Балалары бар отбасыларына арналған мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңымен реттелетін көпбалалы аналарға арналған жәрдемақыға өзгерту.

Заң арқылы Бюджеттік кодекс пен 7 заңға (1995 жылдың 12 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы», 1997 жылдың 16 маусымындағы «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», 1999 жылдың 5 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы», 2001 жылдың 17 шілдесіндегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», 2001 жылдың 17 шілдесіндегі «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы», 2005 жылдың 28 маусымындағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», 2010 жылдың 2 сәуіріндегі «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы») өзгерістер енгізілмек.

Заңды жүзеге асыру 2018 жылы республикалық бюджеттен 11,8 млрд.теңге көлеміндегі қосымша қаржыны талап етеді.

8 қазан, 2015 - 13:45 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші