Қазақстанда медқызметкерлердің санаттарын беру мен сертификаттау бойынша жаңа заң нормалары күшіне енеді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда медқызметкерлердің санаттарын беру мен сертификаттау бойынша жаңа заң нормалары күшіне енеді

2015 жылдың 9 қазанынан бастап денсаулық сақтау саласы мамандарын сертификациялау мен біліктілік санатын беру процедураларын реттеу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің жаңа нормалары күшіне енеді.

Жоғарыда аталған нормаларға сәйкес, медқызметкерлердің білімі мен машықтарын аккредителген ұйым бағалайтын болады.

2015 жылдың 16 қыркүйегінде ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығын ( әрі қарай - ДСДРО) денсаулық сақтау саласының мамандары біліктілігінің сәйкестігі мен кәсіби дайындығын бағалау құқығын беру үшін аккредиттеді. ДСДРО-ға аккредитация туралы куәлік 4 жыл мерзімге берілді.

ДСДРО сарапшылары медқызметкерлерді бағалау жұмысын барлық облыс орталықтары, Астана және Алматы қалаларында өткізетін болады. Үміткерлер оң нәтижелі баға алғаннан соң, клиникалық практикаға рұқсат алу үшін маманның сертификаты немесе біліктілік санатын беру куәлігін алу мақсатында комитеттердің аймақтық департаменттеріне хабарласа алады. 

8 қазан, 2015 - 17:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші