X
egov

You are here

Қазақстанда әйелдердің денсаулығын қорғау бойынша онкүндік басталды

2015 жылдың 12 мен 21 қазан аралығында сүт безінің қатерлі ісігі туралы хабардар болу дүниежүзілік күнінің аясында республиканың барлық аймақтарында әйелдердің денсаулығын қорғау онкүндігі өтеді.

Оның негізгі мақсаты – халықтың назарын қатерлі ісік ауруларының алдын алу мен ерте анықтау мәселелеріне аудару, сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтаудың маңыздылығы жөнінде әйелдердің сауаттылығын арттыру, өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті қалыптастыру, уақытылы скринингтік тексеруге (маммография) және салауатты өмір салтына бейімділікке ынталандыру.

Ауруды ерте анықтау мен уақытылы емді бастау – әйелдер денсаулығын сақтаудың басты кепілі. 2014 жылы қатерлі және қатерсіз сүт безі ісіктерін ерте анықтау скринингінің аясында 386112 әйел тексерілді, 45077 (11,7%) қатерлі ісік және ісік алды жағдайлары анықталды.

Қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау стратегиясы тамақтану барысында жемістер мен көкөністерді аз пайдалану, физикалық белсенділіктің болмауы, шылым шегу мен ішімдік ішу сияқты ағзаға зиянын тигізетін қауіптің мінез-құлық факторларының әсерін болдырмау; адамның паппилома вирусын шақыратын (HPV) жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялаудан өту, жұмыс орнында денсаулыққа зиян және қатерлі факторларды бақылау арқылы жүзеге асырылады.

Осы тұрғыда еліміздің аймақтарында өтетін онкүндік барысында сүт безі қатерлі ісігін алдын алу мәселелері бойынша алғашқы медико-санитариялық көмек (ары қарай - АМСК)  медицина қызметкерлеріне оқу семинарлары, тренингтер, дөңгелек үстелдер мен салалық мамандардың қатысуымен АМСК мекемелерінде ашық есік күндері өткізіледі. Жұмыс орындарында онкологиялық қызмет мамандарының қатысуымен профилактикалық скринингтік тексерулер ұйымдастырылатын болады. Қауіптің мінез-құлық факторын, оның ішінде сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу денсаулық мектептерінің жұмысы жандандырылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, сүт безі қатерлі ісігі әйелдер арасында кең таралған ауру болып есептеледі. Жыл сайын бұл ауру 1,38 млн адамда анықталады, соынмен қатар, 458 мың өліммен аяқталатын жағдайлар тіркелген.

Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігі жаңадан пайда болатын қатерлі ісіктер құрылымында, сонымен қатар, жалпы құрылымда да бірінші орында. Аталған ауру бойынша өлімдер 2014 жылы 100 мың адамға шаққанда 7,8-ді құрады. Сүт безі қатерлі ісігінің I және II кезеңі 2013 жылмен (77,1%) салыстырғанда 80,6%-ны құрады.

Естеріңізге сала кетейік, әлемде сүт безінің қатерлі ісігі туралы хабардар болу дүниежүзілік күні жыл сайын 21 қазанда атап өтіледі. 

12 қазан, 2015 - 18:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші