X
egov

You are here

Астанада радиологтардың VI Еуразиялық форумы өз жұмысын бастады

Бүгін Астана қаласында «Заманауи радиология дамуының жетістіктері мен болашағы» тақырыбында алыс-жақын 14 шетелден келген рентгенорадиология саласы ғалымдарының, медициналық ұйымдар басшыларының, еліміздің аймақтарынан келген бас рентгенорадиологтарының және республикамыздың медициналық ЖОО мен ғылыми орталықтарының сәулелі диагностика, сәулелі терапия кафедралары меңгерушілерінің қатысуымен радиологтардың VI Еуразиялық форумы өз жұмысын бастады. 

Сондай-ақ, форум жұмысына Радиологтардың еуропалық қоғамы,  Кардиорадиологтардың еуропалық қоғамы сынды ірі халықаралық ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар, Ресей, Татарстан, Өзбекстан, Украина және Әзербайжан елдері радиологтары ұлттық медициналық ассоциацияларының өкілдері қатысты.

Шара ұйымдастырушылары: ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Астана медициналық университеті және «Қазақстандық радиологиялық қоғам» республикалық қоғамдық бірлестігі.

Өз сөзінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Алексей Цой ғалымдардың, дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушыларының Радиологтардың еуразиялық форумында кездесуі – уақыт талабынан туындаған әрі қажетті пікір алмасу екендігін атап айтты.

 «Көптеген елдер мен Қазақстанның жетекші мамандарының қатысуымен өткізіліп отырған кездесу жинақталған тәжірибемен, радиологиялық ғылым мен тәжірибе бағытындағы жетістіктермен бөлісіп, аталған бағыттың даму туралы ой бөлісуге мүмкіндік береді», - деді Алексей Цой.

Бүгінде ауруды анықтау барысында рентгенорадиологиялық тәсілдерді қолдану өте маңызды. Соңғы онжылдықта ғылыми-техникалық үдерістің нәтижесінде ауруды анықтау мақсатында магнитті-резонансты томография, ультрадыбыстық және интервенциялық зерттеулер сынды жаңа технологиялар пайда болып, тәжірибеде сәтті қолданылып келеді. Дегенмен, республикадағы емдеу және ауруды анықтау қызметі аталған түрінің көптеген аспектілері едәуір қайта құру мен оңтайлы ұйымдастыру жұмыстарын талап етеді. 

Осы тұрғыда екі күн ішінде ғалымдар мен дәрігерлер сәулелі диагностиканың тиімділігі мен сапасын арттырудағы өзекті мәселелерді талқылап, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, радиология саласына алдыңғы қатарлы технологияларды ендіру шаралары туралы ойларын ортаға салатын болады. 

Форум аясында Смоленск және Санкт-Петербург (Ресей) қалалары профессорларының басшылығымен шеберлік сыныптары өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, радиологтардың I Еуразиялық форумы 2005 жылы Астана қаласында өткен болатын.

15 қазан, 2015 - 10:02 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші