Алматыда Қазақстандағы үздіксіз медициналық білім/үздіксіз кәсіби жетілдіру бойынша I Конгресі өтеді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Алматыда Қазақстандағы үздіксіз медициналық білім/үздіксіз кәсіби жетілдіру бойынша I Конгресі өтеді

2015 жылдың 23 қазанында «Рахат - Палас» (Алматы қ.) қонақ үйінде  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы үздіксіз медициналық білім/үздіксіз кәсіби жетілдіру бойынша I Конгресі өтеді.

Шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, медициналық ЖОО, мен колледждерінің, ғылыми орталықтардың, аймақтардағы денсаулық сақтау басқармаларының, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің, Қазақстанның медициналық ұйымдарының өкілдері, сонымен қатар, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан,  Армения мен Әзербайжан елдерінен келген делегация қатысады.

Конгресс барысында республикадағы үздіксіз медициналық білім/үздіксіз кәсіби жетілдіру жүйесін үйлестіру тиімділігін арттыру; аталған салаға халықаралық стандарттарды енгізу, сонымен қатар, Еуразиялық Экономикалық Одақтың аясында  үздіксіз медициналық білім/үздіксіз кәсіби жетілдіру жүйесін үйлестірудің жолдары мен мүмкіндіктері, қауіп-қатерлері талқыланатын болады.

Шараға әрбір қатысушы электронды дауыс беру арқылы орын алып отырған мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын таңдауға қатыса алады.

Алдағы жылдардағы үздіксіз кәсіби жетілдірудің алға қойған мақсаттарын жүзеге асыру бойынша нақты қадамдар анықталатын болады.

Конгресс жылдық қорытындыларды талқылайтын пікір алаңы мен ҚР-дағы  үздіксіз кәсіби жетілдіру саласындағы қызығушылық танытып отырған барлық ұйымдар мен органдардың келесі жылға алға қояр мақсаттарын айқындайтын жыл сайынғы маңызды үйлестіруші шара болуды көздейді. 

22 қазан, 2015 - 17:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші