X
egov

You are here

Астанада «Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Астана қаласында «Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» көрмесінің аясында аталған байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының» ұйымдастырумен және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен өткен шараға Парламент депутаттары, мемлекеттіік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Мүгедектер, жасы ұлғайған адамдарға және тағы басқа халықтың ерекше тобының өмірін жақсартуға негізделген әлеуметтік жобаларды қолдау – ҚР ДСӘДМ қызметінде басымдыққа ие. 

Шарада сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың көмегімен өмірдің қиын жағдайларына тап болған 200 мыңнан астам азаматқа көмек пен қолдау көрсетілгенін атап айтты. Олардың арасында өмірдің қиындығына тап болып, мойымай, қиындықты жеңе білген мүмкіндігі шектеулі адамдардың саны басым. Ауыртпалыққа қарамастан, олар өз өмірлерін толыққанды әрі батырлықпен, асқан ұстамдылықпен жалғастырып қана қоймай, өзгелердің де мәселелерін шешіп, олардың тіршілік алаңында өз орындарын орнықты табуына көмектесіп келеді.

Биылғы жылы аймақтық комиссия 124 өтінішті қарастырып, 26 әлеуметтік жоба байқаудың іріктеу кезеңінің жеңімпаздары атанды.

Құрамына министрліктің, БАҚ-тың өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері кірген іріктеу комиссиясының мүшелері ҚР ДСӘДМ сайтындағы берілген дауыстардың нәтижесін есепке ала отырып, 3 инновациялық жобаны анықтады.

Байқау жеңімпаздары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның ақшалай сыйлығына ие болды.

1 орын «Жарайсың!» қазақстандық маркасын оңалту техникалық құралдарын өндіру» авторлық жобасының иесі астаналық Бану Искаковаға берілді. Қаржылай сыйлықтың көлемі – 2 млн. теңге. 2 орын «Training-Кафе» әлеуметтік жобасының авторы, алматылық Анна Кудияроваға беріліп, оған 1,5 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлық тапсырылды. 3 орынды павлодарлық «Аналар қолдарының туындысы» жобасының авторы Гауһар Омарова еншіледі (1 млн. теңге).

Сонымен қатар, онлайн дауыс берудің нәтижесінде ең көп дауысты (5042) Павлодар облыстық Жанна Жанжігітованың «Жан күйзелістері бар адамдар үйі» жобасы жинады. Жоба авторына құнды сыйлық берілді.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» көрмесі 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Үш жылдың ішінде «Үздік әлеуметтік жоба» атағын алу үшін байқауға 317 өтініш қабылданып, оның 64-і жеңімпаз атанған болатын. Жеңімпаздардың жалпы санынан 10 жоба өз қаражатының есебінен орындалып жатса, 25 жоба демеушілер мен қарастырылған қаражаттың көмегімен, 28-і мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде жүзеге асырылып келеді. 

23 қазан, 2015 - 18:26 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші