Қазақстандықтарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіндегі өзгерістер туралы ақпарат порталдары мен әлеуметтік желілердегі вирустық жарнама шындыққа сай келмейді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстандықтарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіндегі өзгерістер туралы ақпарат порталдары мен әлеуметтік желілердегі вирустық жарнама шындыққа сай келмейді

Google.com әлемдік ғаламтор іздеу жүйесі арқылы кейбір ақпарат порталдары мен әлеуметтік желілерде 2015 жылдың 1 қарашасынан бастап қазақстандықтардың зейнеткерлік жасын ұлғайту мен оның күшін жою туралы вирустық жарнама түріндегі жарияланып тұратын баннерде шындыққа жанаспайтын ақпарат бар.   

Мәлімет дереккөзі Ресей Федерациясында тіркелген www.zihipol.ru жарнама сайты болып табылады. Бұл сайт интернет трафигін ұлғайту мақсатындағы автоматтандырылған, бақыланбайтын уақытша жарнама алаңы. Оның жасалған уақыты – 2014 жылдың 26 қазаны,

Аталған сайтта жарық көрген ақпаратта ешбір дереккөзге сілтеме жасалмағанын ескере отырып, хабарламаның шындыққа жанаспайтындығы анықталды.

Бұл тұрғыда ҚР ДСӘДМ тарапынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Бас прокуратурасына қажетті шараларды қолдану бойынша хат жолданды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСӘДМ қызметіне байланысты барлық шынайы әрі жедел ақпарат  https://www.enbek.gov.kz ресми веб-сайтында жарияланады.

27 қазан, 2015 - 16:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші