X
egov

You are here

Қазақстанда бедеулікке шалдыққан адамдардың қосымша репродуктивті технологиялар тәсілдерімен емделу тиімділігі 15%-дан 40%-қа артты

Бұл туралы Алматыда өткен «Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: Қазіргі жағдайы мен болашағы» атты Қазақстандағы қосымша репродуктивті технологиялардың 20 жылдығына арналған VII Халықаралық конгресінде Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, Репродуктивті денсаулық институтының ректоры Вячеслав Локшин хабарлады.

 «Елімізде қосымша репродуктивті технологиялар тәсілімен (әрі қарай – ҚРТ) соңғы жылдарда 40-қа жуық ерлі-зайыпты адам емделді. Емделу тиімділігі 15%-дан  40%-ға ұлғайды. Баланың туылуы дерегімен расталатын емделу тиімділігінің көрсеткіші 29%-ды құрайды, бұл орташа еуропалық көрсеткішке сай», - деді ол. 

Вячеслав Локшин бедеулігі бар отбасыларында 11,5 мың бала туылғанын айтып өтті.

Елімізде 20 жыл ішінде ерлер мен әйелдердің бедеулігін емдеуде жаңа репродуктивті технологиялар игерілді. Эмбриондарды криоконсервациялау, донорлық жыныстық жасушалар бағдарламалары, сурогаттық аналық сәтті қолданылып келеді. 2007 жылдан бастап жүктілікке дейінгі эмбриондардың тұқым қуалаған ауруларын преимплантациялық диагностикалау жүзеге асырылып келеді. Қосымша репродуктивті технологиялар ерлердің ауыр үлгідегі бедеулігін емдеу бойынша ең тиімді тәсіл ретінде кең қолданысқа түсті. 2014 жылы алғаш рет Орталық Азияда ерлердің ауыр түрдегі бедеулігін емдеу үшін спермотозоидтарды алудың микрохирургиясы енгізілді. Сонымен қатар, онкологиялық ауруларға шалдыққан әйелдерге хирургиялық және сәулелі емдерден кейін бала тууға мүмкіндік беретін аналық без тінін  криоконсервациялау тәсілі енгізілді.

Қазақстанда бедеулікке шалдыққан пациенттерге арнаулы көмекті ұйымдастырудың негізгі нормативті құжаттары жасалды. 2010 жылдан бастап бедеулікке шалдыққан пациенттерді қосымша репродуктивті технологиялар тәсілімен емдеу республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылып келеді. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі экстракорпоральді ұрықтандыруды (әрі қарай - ЭКҰ) қажет ететін ерлі-зайыпты адамдарға арналған бағдарламаға қаражат бөледі. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің аясында ҚРТ-ның 3 мыңға жуық бағдарламасына қаражат бөлінді. 2015 жылы мемлекет 750 бағдарламаға қаражат бөлді. Пациенттер емді өз қалаулары бойынша мемлекеттік және жекеменшік орталықтарында алады. Бағдарлама тиімділігі жөнінен үздік нәтижелі және тәжірибесі мол 2 мемлекеттік, 3 жеке емханаларда өткізілуде. Қазақстанда 2010-2015 жылдар аралығында бюджеттік бағдарламалар нәтижесінде 1000-ға жуық бала дүниеге келді.

ҚР ДСӘДМ-нің қолдауымен, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен конгреске Ресей, Украина, Израиль, Франция, Германия, Дания, Бельгия, Ұлыбритания, Жапония, АҚШ, Үндістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстаннан келген репродуктивті технологиялар саласындағы жетекші мамандар, акушер-гинеколог дәрігерлер, ЭКҰ орталықтарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, форумға профессор Рене Фридман, ЭКҰ пионері, «шыны түтіктен» алғашқы француз баласының авторы (1982 жыл), Валерий Здановский, Анатолий Никитин, Елена Калинина – КСРО «шыны түтіктен» алғашқы француз баласының авторы  (1986–1999 жылдар) және тағы басқа репродуктология саласының әлемдік көшбасшылары қатысты.

Форум тақырыбының өзектілігі бедеулікке шалдыққан отбасының медициналық-әлеуметтік проблемалары еліміздегі демографиялық жағдайды жақсарту үшін, сонымен қатар, бала туа алмайтын пациенттердің өмір сапасын арттыру мәселелерін шешуде өте маңызды екендігімен айқындалды. Бедеулік жиілігі  орта есеппен 15% құрайды, төмендеу тенденциясы байқалмайды. Диагностикалаудың заманауи тәсілдерін дамыту бедеуліктің нақты себебін анықтауға және оны емдеу тәсілдерін белгілеуге көмектеседі. Бедеулік жағдайының 50%-дан астамы ерлердің репродуктивті жүйесінің патологиясымен байланысты,  25%-ы құрама бедеуліктің еншісінде.

Шара барысында ҚРТ-дағы эмбриологияның өзекті мәселелері бойынша Ұлыбритания, Үндістан, Израиль, Жапония, Ресей, Украина және Қазақстан мамандарының қатысуымен шеберлік сыныптары өтті.

Конгресс аясында Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстанның ҚРТ-ны дамыту бойынша дәстүрлі отырысы өтті. Биылғы жылы пікірлесу алаңына Израиль мен Франциядан келген әріптестер де қатысты.

Сонымен қатар, шара барысында медициналық техника мен дәрілік заттар жетекші шығарушыларының қатысуымен репродуктивті медицинаға арналған көрме ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 1995 жылдың қазан айында Алматы қаласындағы Адам репродукциясы қалалық орталығында алғаш рет елімізде экстракорпоральді ұрықтандыру зертханасы ашылған болатын. Бір жылдан соң сәтті өткізілген ЭКҰ процедурасының нәтижесінде тұңғыш рет «шыны түтіктен» қазақстандық бала туылды.

Бүгінде Қазақстанда 20 ЭКҰ орталық жұмыс істейді, оның ішінде 15-і жеке меншік нысанында. Жаңа ҚРТ зертханалары ашылуға дайындық үстінде. 2015 жылдың сәуір айында «шыны түтіктен» он мыңыншы бала туылды.

20 қараша, 2015 - 16:58 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші