ҚР ДСӘДМ әлеуметтік-еңбек саласының 2015 жылдың 9 айындағы қызметі қорытындыланды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ әлеуметтік-еңбек саласының 2015 жылдың 9 айындағы қызметі қорытындыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың басшылығымен ҚР ДСӘДМ-нің ағымдағы жылдың 9 айындағы әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметінің қорытындысы бойынша алқа мәжілісі өтті.

Шараға вице-министрлер, министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және  ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшылары, бейнебайланыс режимінде – облыс әкімдерінің орынбасарлары, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен еңбек инспекцияларының басшылары, сондай-ақ ҚР ДСӘДМ еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аймақтық департаменттерінің директорлары қатысты.

Отырыста сөз сөйлеген Тамара Дүйсенова әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында ең алдымен, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының төмендемеуіне жол бермеу үшін бар күш-жігерді салу керектігін, оларды жұмыспен қамту ісінде белсенді көмек көрсету шараларын қолдану қажеттілігін атап айтты.

Жаңа экономикалық жағдайда еңбек ұжымдарындағы шиеленістерді болдырмаудың алдын-алу және халықты жұмыспен қамту шаралары туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов баяндама жасады.

Ол жыл басынан бастап аймақтық әкімдер, жұмыс берушілер мен кәсіпорын кәсіподақтары арасында жұмыс орындарын сақтау туралы 72 мыңнан астам өзара меморандумға қол қойылғанын хабарлады.

Жұмыспен қамтудың аймақтық кешенді жоспарларын жүзеге асыру аясында 311,6 мың адам жұмысқа орналастырылды. Бұл жоспарланған көрсеткіштің 102%-ын құрайды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асырудың шеңберінде 118,3 мың адам, оның ішінде 97,4-і тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды.

Біржан Нұрымбетов жергілікті атқарушы органдардың азаматтарды тұрақты жұмыс орындарымен қамту бойынша жұмысты күшейту керектігін атап айтты.

Вице-министрдің баяндамасынан соң Тамара Дүйсенова аймақтық әкімдер орынбасарларының қызметкерлерді қысқартуға жол бермеу және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жүргізіліп отырған жұмыстарының есебін тыңдады.

Министр жергілікті атқарушы органдарына әрбір жұмыспен қамтылған азаматқа зейнетақы аударылымдарының  түсіп тұруын бақылау қажеттілігін атап айтты.

 «2017 жылдан бастап базалық зейнетақы төлемдері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын болады. Біздің азаматтарымыз зейнеткерлікке шыққан уақытта лайықты төлемақы алулары үшін аударымдары жүйелі түрде жүргізілуі керек», - деді Тамара Дүйсенова.

Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша ол ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ведомствоға бағынысты ұйымдар қызметкерлеріне және жергілікті атқарушы органдарға барлық бағыттар бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. 

 

6 қараша, 2015 - 18:11 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші