Нан бағасының қымбаттау мүмкіндігіне байланысты өмір сүру деңгейі төмендейтін азаматтар атаулы әлеуметтік көмек ала алады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Нан бағасының қымбаттау мүмкіндігіне байланысты өмір сүру деңгейі төмендейтін азаматтар атаулы әлеуметтік көмек ала алады

Қазақстанда нанның бағасы қымбаттаған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемі өзгеретін болады. Бұл атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын ұлғайтуға мүмкіндік береді (әрі қарай – АӘК).

Қазіргі таңда табысы кедейлік шегінен төмен  азаматтарды (отбасыларын) әлеуметтік қолдау «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады. АӘК жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстар, Астана және Алматы қалаларындағы әрбір отбасына шаққандағы есеппен белгіленген кедейлік шегі айырмашылығының ақшалай нысанында беріледі (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40%).

2015 жылдың 1 қазанындағы ақпаратқа сәйкес, АӘК-ні табысы кедейлік шегінен төмен 34,7 мың азамат алып отыр, АӘК-нің бір адамға шаққандағы көлемі орта есеппен 2407 теңгені құрайды. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда АӘК алушылардың саны 32,2%-ге қысқарды, сәйкесінше, АӘК-ің жалпы төлем көлемі 967,6 млн. теңгеден 752,5 млн. теңгеге дейін азайды.

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақымен 519 293 адам қамтылды, оның жалпы көлемі 7 млрд. 643 млн. теңге. 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда балаларға берілетін жәрдемақы алушылар саны 2,8%-ға қысқарды.

Сонымен қатар, бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде ҚР ДСӘДМ «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңын әзірлеп, оны Парламент мақұлдады.

Аталған Заң 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50%-нан төмен отбасына жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде қазіргі таңдағы қолданыстағы жұмыспен қамту шараларын алмастыратын белсенді шараларға қатысуымен шартталған атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АӘК) әрбір отбасы мүшесіне көрсетудің жаңа тәртіптерін енгізуді қарастырады: 

- көпбалалы отбасыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақы (әрі қарай - АМЖ);

- аз қамтылған отбасыларына арналған 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдеамақысы;

- аз қамтылған үй шаруашылығына берілетін атаулы әлеуметтік көмек.

АӘК жаңа үлгіде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларына (мәселен, қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына объективті себептермен қатыса алмайтын отбасыларына (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасыларынан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі.  

Естеріңізге сала кетейік, ең төмен күнкөріс деңгейі - бұл ең төмен тұтыну себетінің құнына тең келетін, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс. Ең төмен күнкөріс деңгейінің көлемін азық-түлік себетінің азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесіне ұлғайтылған бағасына қарай мемлекеттік статистика жөніндегі уәкілетті орган есептейді.  

6 қараша, 2015 - 21:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші