Б. Нұрымбетов: «Жергілікті атқарушы органдар азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру бойынша жұмысты күшейтуі керек» | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Б. Нұрымбетов: «Жергілікті атқарушы органдар азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру бойынша жұмысты күшейтуі керек»

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын қалыптастыру және жұмыспен қамту бойынша ҚР ДСӘДМ-де атқарылып жатқан жұмыстар» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. 

Сөз басында ол Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының аясында (88 қадам) ақпараттық, тәжірибелік-ұйымдастырушылық шаралар кешенінен тұратын «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын алға жылжытудың кешенді жоспары бекітілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, ол Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын халық санасына сіңірудің басты шараларыныңы бірі – 2014 жылдан бері Еңбек күнін атап өту болып табылатынын хабарлады.

Сонымен, ағымдағы жылы республика бойынша Еңбек күніне арналған 160-тан астам мерекелік іс-шаралар өткізілді.

Аймақтарда Қазақстан экономикасын дамыту мен нығайтуға жеке үлес қосқан еңбек ардагерлерін, еңбек әулеттерінің өкілдері мен кәсіби мамандарды марапаттаған форумдар өтті (7 облыстық, 73 аудандық).

Жастар өкілдерінің арасында кәсіби-техникалық және жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және оларды насихаттау мақсатында семинарлар, дөңгелек столдар, әртүрлі акциялар мен байқаулар өткізілді.

Мереке қарсаңында ірі кәсіпорындар мен ұйымдарда 500-ден астам адам қатысқан «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы қарай!» ұранымен флешмобтар өтті.

Сондай-ақ, жекелеген аймақтарда Еңбек күніне арналған өзге де бастамалар жүзеге асырылды:

- Ақтөбе облысы кәсіподақ ұйымдарының арасында «Жылдың ең үздік ұжымдық келісімшарты» атты байқау ұйымдастырылып, «Кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғаудағы ұжымдық келісімшарт рөлін арттыру» тақырыбында мәдениет, спорт және ақпарат салалық қызметкерлері Республикалық кәсіподағының аймақтық семинары өткізілді;

- Қостанай облысында ағымдағы жылдың шілдесінен бастап аймақ тұрғындары еңбек ерліктерінің 80 жылдығына арналған «Еңбек даңқы кітабын» толтыру бойынша эстафета басталды;

- Оңтүстік Қазақстан облысында «Жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға негізделген инновациялық жоспарлар» байқауының жеңімпаздары еңбекті қорғау бойынша үшкүндік шетелде оқу сертификаттарына ие болды. 

«Республикалық және жергілікті деңгейде өткізілген шаралар қоғамды нығайтуға, жастарды тәрбиелеуге, Еңбек адамының мәртебесін арттыруда орасан зор рөл атқарады», - деп атап айтты министр.

Жұмыспен қамту шаралары туралы сөз барысында ол жыл басынан бастап аймақтық әкімдер, жұмыс берушілер, ұйым кәсіподақтарының арасында жұмыс орындарын сақтау бойынша 72 мыңнан астам меморандумға қол қойылғанын мәлімдеді.

Аймақтық жұмыспен қамту кешенді жоспарының аясында 311,6 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл жоспарланған көрсеткіштің 102% құрайды. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының аясында 118,3 мың адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орнымен 97,4 мың адам қамтылды.

Сөз соңында Біржан Нұрымбетов жергілікті атқарушы органдардың азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру бойынша жұмысты күшейту керек екендігін атап айтты. 

 

9 қараша, 2015 - 12:50 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші