X
egov

You are here

Т. Дүйсенова қазақстандықтарға жаңа Еңбек кодексінің нормаларын түсіндіріп, денсаулық сақтау жүйесінің дамуы және әлеуметтік қамсыздандыру туралы айтып береді

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ел азаматтарымен кездесу барысында ҚР жаңа Еңбек кодексінің нормаларын түсіндіріп, ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасы және әлеуметтік қамсыздандыру туралы айтуға негізделген кең көлемді халыққа түсіндіру шараларын бастады. Бүгін ол Астана қаласы бюджет саласының қызметкерлерімен кездесті. Қараша айының барысында Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Павлодар қалаларына бармақ.

Министр бюджет саласы қызметкерлерімен кездесу кезінде астана тұрғындарына 2016 жылдың 1 қаңтарынан енгізілетін азаматтық қызметшілерінің еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісі туралы айтып берді. Аталған үлгіде азаматтық қызметшілерді біліміне, біліктілігіне, атқаратын қызметінің күрделілігі мен дәрежесіне қарай төрт санатқа бөлу көзделген:

1.Ұйымның даму стратегиясы үшін жауап беретін және басқару шешімдерін қабылдайтын басқарушы персонал блогы (A блогы). Аталған блогқа ұйым басшылары мен басшылардың орынбасарлары, ұйымдардың бағыну деңгейіне тәуелді (республикалық, облыстық, аудандық) құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен басшылардың орынбасарлары кіреді.

2. Ұйымның негізгі функцияларының іске асырылуын қамтамасыз ететін, негізгі персонал блогы (B блогы).  Бұл блогқа дәрігерлер, мұғалімдер, ғылыми қызметкерлер, әлеуметтік қызметкерлер, ЖОО оқытушылары және ұйымның негізгі функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлер кіреді. Аталған қызметкерлер үшін үш қызмет саласы: «Денсаулық сақтау» «Білім беру» және «Өзге де салалар» бойынша лауазымдық жалақыларды саралап есептеуді енгізу ұсынылады.

3.Әкімшілік-құқықтық және шаруашылық функцияларын орындайтын әкімшілік персонал блогы (C блогы). Лауазымдардың аталмыш блогы заңгерлерді, есепшілерді, экономистерді, аудармашыларды, шаруашылық қызметінің меңгерушілерін және т.б. қамтиды.

4. Қосалқы және техникалық функцияларды іске асыратын қосалқы персонал блогы (D блогы). Бұл блогқа іс қағаздарын жүргізушілер, архивариустер, кассирлер, коменданттар мен хатшылар жатқызылады.

Тамара Дүйсенова еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісін енгізгеннен кейін біліктілігіне байланысты негізгі персонал қызметкерлері жалақысының сараланып арттырылуы күтілетінін хабарлады:

- денсаулық сақтау саласында – 7% -дан 28%-ға дейін, 

- білім беру саласында – 15%-дан 29%-ға дейін, 

- өзге салаларда – 28%-дан 40%-ға дейін.

Сондай-ақ, қызметкердің білім, біліктілік деңгейіне, еңбек өтіліне және т.б. қарай өсім сараланатын болады

Министр астаналықтарға 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу нәтижелері туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, негізгі мақсаты қоғамдық денсаулық жүйесін дамыту, аурулардың алдын алу мен басқаруды жетілдіру, денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру мен басқарудың тиімділігін арттыру, ресурстарды тиімді қолдануды қамтамасыз ету және инфрақұрылымдарды оңтайландыру болып табылатын ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасы туралы да айтты. Бағдарламаның негізгі міндеті – 2020 жылға қарай Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайту.

11 қарашада Тамара Дүйсенова Астана қаласы әкімінің орынбасарымен, Астана қаласы бойынша әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының, ҚР Кәсіподақ Федерациясының, Аймақтық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен, астаналық кәсіпорын басшыларымен болатын кездесуде ҚР жаңа Еңбек кодексінің негізгі нормаларын түсіндіретін болады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 5 қарашасында Қазақстан Парламенті мемлекет жұмыскерлерге берілетін кепілдеме мен өтемақының ең төменгі деңгейдегі еңбек стандарттарын анықтап, жұмыс беруші тараптарының бұл міндеттемелерді орындауын қатаң бақылауға алуды қарастыратын ҚР жаңа Еңбек кодексінің жобасын қабылдады.

Жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек қатынастары көп жағдайда жалдау, кадрлардың орнын ауыстыру, жұмысшыны жұмыстан босату, жұмыс уақыты, еңбек шарттары мен оның төлемақысы салаларындағы өзара келісім жасау және ұжымдық шарттардың әлеуетін күшейте отырып, өзін-өзі реттеу қағидаларына сай жүзеге асырылатын болады.

Жұмыс берушілер үшін жалдау, кадрлардың орнын ауыстыру, қызметкерді жұмыстан босату, еңбек шарттары мен оның төлемақысын анықтау шаралары жеңілдетілген. Сондай-ақ, негізгі еңбек кепілдемелері мен қызметкерлердің құқықтары бекітіліп, оларды ұжымдық, жеке шарттар мен келісімдерді жасау және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын құралдар арқылы ұлғайту мүмкіндігі қарастырылған.

Қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында кәсіподақтардың рөлі кеңейтілді, оның ішінде жақында қабылданған «Кәсіподақтар туралы» Заңда қарастырылған мүмкіндіктер де есепке алынды.

Осылайша, юнионизация тәжірибесінің дамуына септігін тигізетін тараптардың ұжымдық шарттар мен келісімдер жасаудағы қызығушылығы арта түседі.

Еңбек қатынастарын ырықтандырудағы аталмыш үлгі ЭЫДУ стандарттарына сай келеді. 

10 қараша, 2015 - 15:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші