А. Цой: институционалды реформаларды жүргізу барысында денсаулық сақтау секторында қол жеткізген нәтижелер жүйенің әрі қарай дамуы үшін маңызды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

А. Цой: институционалды реформаларды жүргізу барысында денсаулық сақтау секторында қол жеткізген нәтижелер жүйенің әрі қарай дамуы үшін маңызды

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау секторында институционалды реформаларды жүргізу мен технологияларды тарату» жобасын жүзеге асыру барысы туралы» тақырыбында Астанада өткен қорытынды конференцияның пленарлық сессиясында хабарлады. 

 «Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға қажетті фундаментті қалыптастыруға саладағы институционалды реформаларды және технологияларды таратуды дамыту бойынша ҚР Үкіметі мен Халықаралық қайта құру және даму банкінің бірлескен бастамасы айтарлықтай үлес қосты», - деді вице-министр.

Ол жоба шеңберінде жүргізілген зерттеулердің нәтижелері, денсаулық сақтау жүйесі мамандары әртүрлі санаттарының кәсіптілігін көтеру (оның ішінде шетелде), жетекші халықаралық сарапшылардың көмегі 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған реформалар мен өзгертулердің негізгі бөлігін қамтығанын атап айтты.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде халықаралық стандарттар енгізіліп, әртүрлі салалардағы ұзақ мерзімді институционалдық әлеует қалыптастырылды. Бұл – денсаулық сақтау саласын басқару мен қаржыландыру, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету, кадрлық жоспарлау, медициналық білім мен ғылым, денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйесі мен фармацевтикалық саясатты дамыту.

 «Жоба барысында қол жеткізген жетістіктер денсаулық сақтау секторында жүйенің әрі қарай дамуы үшін маңызды. Қалыптасқан кадрлық әлеует, саладағы нормативтік реттеулерді жетілдіру мен стандарттау – отандық денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді. Қолданылатын барлық шаралар аурудың салдарынан туындайтын өндірістік шығынды төмендетіп, халықтың денсаулығы нашарлағанда қаржылық зардаптардан сақтап, сонымен қатар, тиімді инвестициялар үшін қаражатты қарастыруға жәрдемдеседі», - деді Алексей Цой. 

5 күннің ішінде Қазақстан мен Дүниежүзілік Банктің жобалау топтары, Канада, АҚШ, Финляндия, Испания және өзге де елдердің жетекші халықаралық сарапшылары жобаның барлық 7 құрамын талқылайтын болады.

  Сонымен қатар, шара аясында «Денсаулық сақтау саласын реформалаудағы кәсіби менеджменттің рөлі» атты тақырыпта конференция өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау секторында институционалды реформаларды жүргізу мен технологияларды тарату» инвестициялық жобасы ҚР Үкіметі мен Халықаралық қайта құру және даму банкінің стратегиялық әріптестік аясындағы ортақ бастамаларының бірі болып табылады.

Оның мақсаты – халықаралық стандарттарды енгізу мен 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатындағы ұзақ мерзімді институционалдық әлеуетті қалыптастыру.

Жобаны жүзеге асыру халықаралық ұйымдар мен консультативтік компаниялардың бас технологияларын ҚР ДСӘДМ-ге, өзге де мемлекеттік органдарға, денсаулық сақтау ұйымдарына, сонымен қатар, жоба аясында құрылған жаңа институционалды құрылымдарға беру негізінде жүзеге асырылады.

17 қараша, 2015 - 14:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші