You are here

2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми деректері бойынша             2015 жылғы 1 қазандағы салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны    9 828 090 дана, ал зейнетақы жинақтарының сомасы  5 357,7 млрд.теңге құрады, оның ішінде:

  • міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен – 9 425 558 шотта              5 302,3 млрд.теңге;
  • ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен – 39 304 шотта                             1,6 млрд.теңге;
  • міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен – 363 228 шотта 53,8 млрд.теңге шоғырланған.

Ағымдағы жылда жүзеге асырылған зейнетақы төлемдерінің жалпы сомасы – 103,3 млрд.теңге.

2014 жылғы 1 қаңтарынан бастап бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алушыларға МЗЖ субсидиялау жүзеге асырылады.

Осы мақсаттарға 2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен 7,0 млрд. теңгеден астам қаржы бағытталған.

18 қараша, 2015 - 19:54 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші