Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды отбасыға орналастыру бойынша «Балаларға деген сүйіспеншілікпен» жобасы басталды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды отбасыға орналастыру бойынша «Балаларға деген сүйіспеншілікпен» жобасы басталды

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім және ғылым министрліктерінің, Amway компаниясының қолдауымен «Болашақ үшін жауапты» қайырымдылық қорының ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды отбасыға орналастыру бойынша «Балаларға деген сүйіспеншілікпен» әлеуметтік жобасы басталды.

Жобаның іске асырылуы әлеуметтік қызметкерлерге арналған «Балалар үйінің отбасына орналастырылған балаларды сүйемелдеудегі ролі» тақырыбындағы семинар - тренингтен басталды. Оның мақсаты - балалар үйінің қызметкерлерін тәрбиеленушілерді отбасында өмір сүруге бейімдеу жұмыстарына үйрету.

Семинарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері және өңірлерден келген облыстық балалар үйлерінің директорлары қатысты.

Әлеуметтік жетімдіктің (ата-аналары  әртүрлі себептермен олардың тәрбиесімен шұғылданбайтын тірі жетімдердің) мәселелері, «қайта орын алған жетімдік феномені» (баланы тәрбиелеуге алған отбасының баланы жетімдер үйіне қайтаруы) бүгін қазақстандық қоғам үшін өзекті болып отыр. Оларды шешу жүйелі көзқарас, бала алушы ата-аналарды және әлеуметтік қызметкерлерді оқыту арқылы мүмкін.

Семинардың бағдарламасы әртүрлі жаттығуларды орындау, шағын топтарда жұмыс жасау және пікірталасқа қатысу арқылы тренинг форматында «Болашақ үшін жауапты» қайырымдылық қорының бастамашылығымен әзірленді. Қатысушыларды тәжірибелі жаттықтырушы мамандар оқытады. Олар: Дина Магнат, балаларды отбасыға орналыстыру бойынша қызметкерлерге семинар-тренинг өткізіп жүрген маман және екі баланы асырап алған ана, Елена Соловьева, бала асырап алушылар мен қамкоршылар мектебінің тренері және өзі екі баланы асырап алған көп балалы ана.

Семинардың соңында қатысушыларға тренингтен өткені туралы белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.  

«Балалар мейірімді және қамқор ата-ананың бауырында өсуі керек. Әлеуметтік құрылымдар мен біздің қордың жұмысы әр баланың отбасында тәрбиеленуіне бағытталған. «Балаларға деген сүйіспеншілік» бағдарламасы ең алдымен бала асырап алған отбасыларға көмек ретінде жасалған», - деді «Болашақ үшін жауапты» қайрымдылық қорының бағдарламалар жетекшісі Нателла Имамова.

«Балаларға деген сүйіспеншілік» атты грантты байқау 2013 жылдан бастап жыл сайын өтетіндігін естеріңізге саламыз. 2015 жылы қазақстандық ұйымдар бірінші рет байқауға қатысуға шақырылды, нәтижесінде 11 өтініш келіп түскен.  Астана SOS Балалар қалашығының жобасы қолдау тапты. 2015 жылы Қазақстан мен Ресейдегі байқау жобаларының қаржыландыру қоры шамамен 100 млн.теңге құрады.

23 қараша, 2015 - 16:52 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші